Наурыз мейрамы сауықтық сипат алды ма?

05.05.2018 5620

 Наурыз мейрамы сауықтық сипат алды ма?

 

Жаңа жылды күту - әрбір халықта бар дәстүр. Бүгінгі қазақ халқы (тек қазақ халқы емес, әлемдегі басқа халықтар да осындай көрініс) жаңа жылды екі рет қарсы алады. Бірі - батысша, 1 қаңтар. Екіншісі - шығысша,  22 наурыз.

Қаңтардағы ғұрып әлемнің басым бөлігіне ХҮІ ғасырдағы Қайта өрлеу дәуірінен кейін саяси және экономикалық, білім мен ғылым дамуының алғы шебіне орналасқан  европалық батыс елдерінің әлемге жүргізген ықпалы мен әсерінен орныққан. Бұл жаңа жылды жалпақ жұрт ерекше күтіп, мейрамдатып, дүрлігіп қарсы алады. Ең бастысы, кішкене балалар асыға күтеді. Оларға арналған мейрамдық ойын-сауық, әзіл кеш, ән-күйлердің неше атасы бар. Ал Наурыздағы жаңа жылды қарсы алу - шығыс елдерімен (парсы елдері) ежелден орнаған қарым-қатынас, ауыс-түйістің әсерінен қалыптасқан ұлттық дәстүр. 

Бөлісу: