ЖОЛАУШЫ / ӘДІЛБЕК ӨМІРЗАҚОВ/
Атырау - Астана поезды. Қарш-құрш еткен дыбысты көзіңе оттай басылатын табиғат жарықтық ада етеді.Қолында жүк сөмкелері бар, қолдары тілім-тілім болған қайран аналар сауданың қамытын киіп жүр. Біреуі елең етіп сұраса, көздері жəудірей жөнеледі.
Астық сыйлаған қамбаның отаны - Қостанайға аялдаған соң, жаныма тағы сапарлас аға келіп жайғасты.Таныса жөнеліп, түп тамырдан шежірелеп сөйлей бастадық. Есімі - Қайыржан. Қазақтың тарихын санасына терең тоқыған азамат екен. Арасында кішігірім орысшаны қосып жібереді. Бұл біз де заңдылық қой,- дейді мұрты қияқтай ағамыз.
Біздің елде жер-су атауларын қазақиландыру үшін де қырық-пышақ болатын ағайындар бар деп терең күрсінді.
- Еһ, қайтесіз,- дедім де томаға тұйық боп отыра қалдым
- Қызметіңіз қайда?
- Екі поездға кезек-кезегімен мінгесіп жететін он бес күндік қой. Билетті бір ай бұрын қамдап қойып едім.
- Еее, дұрыс.
Аудан орталығынан қырық бес шақырым жерде тұрамын. Қаз асыраймын. Қой бағамын.Жеңешең үйден шығып бара жатырғанда жүрек жалғайтын тағамдарды салып еді. Қазақы салтпен :ауыз ти,бауырым,-деді.
Өзімнің күні-түні баптаған қойымның еті. Жалғыз ұлым бар. Қызымды ұзатып, рақатын көріп отырмын. Ұлымның бір кемшілігі бар.
-Қандай?,-деп елең ете қалдым.
Мен анау тұрған жұмысты жаса,- деп бұйырта сөйлемесем, компьютер деген жарықтықтың алдынан түспейді. Мынау кəсіпті артымдағы ұрпағыма қалсын деп жинадым. Қадірімді ұғар ма?
- Санасы өзгерер. Уақыт емші. Бəрі жақсы болады, аға...
- Рақмет, бауырым.
Тілектес бауырларым басқа вагонда келе жатыр еді. Соларға қарай барып, хəл-ахуалдарың біліп қайтайын дедім.
Қайтіп келсем, əлгі мұрты қияқтай Қайыржан ағам жоқ екен. Станциясына жеткен соң, түсіп қалған ғой...
Əй, əттең-ай...
Əсерлі əңгімелер теміржолдың табанында қала берді. Бəрі дұрыспа екен? Беймəлім...
Бөлісу: