Талант тасада қалмайды
Берік былайғы кезде де әдемі әзілімен езуіңді жидырмайды. Ал сахнада тіпті өзгеріп кетеді. Кез келген образға бірден еніп, аңқау бала, шойнақ шал, шатақ кемпір, ұрысқақ қатын бейнесін айнытпай салады. Аузын ашса болды, көрермен қыран-топан күлкіге көміледі. ЕКІ ЕЗУ сатира театрының əртісі ретінде ақтөбеліктерге танымал болғанмен, көп аса еңбегі елене бермейін. Талант тасада жатса да, жарқ ете қалады емес пе. Берік Нұрмағамбетовтың театр сахнасынан кино әлеміне бет бұрып, жақында Жабайы адам телефильміне түскені туралы жаңалық баршаны елең еткізді. Сырт адамға қуақы, пысық көрінетін өмірде аңғал да қарапайым Берікке жолыығып, барлығын өз аузынан естіп қайтқан едік.
Берілген тапсырмаға сай шашын тақырлап алып, сақал-мұртын жіберіп келгенде, Берікті комиссия қол шапалақтап қарсы алады. Киноның қоюшы-суретшісі:
-Міне менің көз алдыма елестетіп жүргенім адамымның нақ өзі,-деп жерден жеті қоян тапқандай, орнынан атып тұрыпты. Сөйтіп ақтөбелік актер Берік Нұрмағамбетов Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілетін «Жабайы адам телефильміне басты рөлге бекітіледі. Жалпы, қандай рөл болмасын, актердің сырт-пішіні, кескін-келбеті кейіпкер бейнесін ашатындай болуы аз.
- Мұндай фильмге бірінші рет түсіп тұрмын. Негізі біздер, театр әртістері сахнада тұрып айтқанымызды арт жақта отырған көреремен естісін деп, қатты сөйлеп үйренгенбіз ғой. Кинода бәрі керісінше. Тұла бойың толы дыбыс жазғыш микрофон. Оған қоса төбеден салбыраған және бір микрофон бар. Кәдімші өмірдегідей тембрмен сөйлеуің керек. Басында әдетіме басып, айқайлап қатты сөйлеп кетемін. Соның кесірінен 7-8 дубльге дейін жасадық. Кейін түсініп, 1-2 дубльге дейін азайттым ғой. Үш камерамен 3 ракурста түсіреді екен. Бұтымдағы шалбарды жылқының терісінен тіктірген екен. Салмағы ауыр, 2 килограмдай. Көйлегім кенептен тігілген, басында үстімді қышытатын. Киноға түсу мен үшін өте қызық болды. Бұрын театр жанынан құрылған киностудияның Сандалған сиыр, Бұйырмаған ет атты қысқа метражды фильмдеріне түстім. Ол тек әншейін екен. Мұндағы студия бөлек.Аппаратуралары керемет.Табиғаты әсем жерде бір апатның ішінде түсіріп біттік. Кинода тау шатқалын айырып ағатын суы мұздай бұлақты кешіп өтетін жері бар. Сол сюжетті түсірген соң, режиссердің көмекшісі бар, бір топ ұйымдастырушы топ арқама жылы көрпе жауып, қымтап, ыстық шәй беріп, аяғымды ысқылап, асты-сүтіме түсіп бәйек болды. Ондайды көрмеген басым, қипақтап, біртүрлі болдым. Сөйтсем, ауырып қалмауы үшін әртістің жағдайын жасау - олардың жұмысы екен. Өзімше бар өнерімді салып ойнадым,- дейді Берік.
Әсіресе, дәл қазіргідей қазақ қоғамы шетелдік сериалдарды тамсана тамашалап, жастардың санасын бөтен жұрттың мәдениеті жаулап жатқан тұста ұлттық кино өнеріне көңіл бөліне бастағаны қуантады. Қазақстан ұллтық арансы қолға алған жоба - шым-шытырман оқиғалар желісінен тұратын фильмнің де өзегінде қазақ тағдыры жатыр. Сондықтан кинотуындыда қазақтың болмысын, дүниетанымын көрсету маңызды. Ол үшін сол жабайы адамның жан дүниесіне үңіліп, оның сезім иірімдеріне бойлай енгенде ғана мінезін, психологиясын айқын беріп, жүріп-тұрғанынан бастап сөйлеу мәнеріне шейін әрбір іс-қимылын келтіре ойнауға болады. Оған қоса қазір көреременді иландыру оңай шаруа емес.
Сценарий бойынша әділетсіздіктен, сәтсіздіктер мен озбырлықтан шаршап, қатты күйзелістен қолын төбесіне қойып, өмірден баз кешуге дайын жас жігіт тауда тентіреп жүріп, жабайы адамға кез болады. Ол арып-аршып, жаны да тәні де жараланған 16-17 жастағы жігітті емдеп, қатарға қосады, ақылға келтіреді. Жабайы адамның арқасында өмірге қайта келгендей болады.
- Бала жігіттің рөліндегі Жандосқа қатты таңқалдым,-дейді Берік.- Өзі каскадер екен. Атақты Брюс Лиден артық болмасас, кем емес. Ұршықтай үйіріліп, сальто жасаағанда кимылына көз ілеспейді. Тастан тасқа секіріп, таудан тауға жүгірген кезде таңдай қақтым. Мұндай мықты, шымыр қазақты бірінші рет көрдім,-деп Берік өзі туралы айтудан бұрын кинодағы серігін тамсана мақтады.
Алыптардың кинодағы жүгі Берікке артылады
Беріктің кейіпкері де – жасы сексенге келсе де, бойындағы күш-қуаты таусылмаған, ұлттық болмысын, жеке көзқарасын жоғалтпаған адам. Қаншама жыл биік тауда жападан-жалғыз өмір сүріп, табиғаттың тылсым күштерімен бетпе келіп, берілмейді. Өзін жоғалтпайды. Қайта өсімдіктен бастап, жан-жануарлардың құпиясына қанығып, өзі адам емдейтін болады. Дертін шипа таба алмағандар қандай қиын болса да, әсіресе тау ішіндегі 60 шақырымдай болып көрінетін 6 шақырым жолмен өрмелеп жүріп, жабайы адамды арнайы іздеп келеді екен. Менің қатысуыммен түсірілетін киноның бөліктерін бір жетінің еңсеріп тастадық. Бұйыртса, кино қараша айында дайын болатын шығар. Сол кезде күзде ЕКІ ЕЗУ сатира театрының 20 жылдығына орай Ақтөбеде фильмнің тұсаукесерін жасағым келеді. Бұл туралы Данияр Саламатқа айттым. Ол қарсы болмады. Қайта қуанып қалды. Сол кезде көріп, еңбегіме баға бересіздер ғой.
Кино режиссері Данияр Саламат :
- Бекең - талантты актер ғана емес, ұлттың жанын кеудесіне жасырған типтік ерекшелігі бар өнерпаз! Назардан тыс қалып жүргені болмаса, нағыз кино саласында еңбек ететіндей-ақ жан. Біздің Қазақстан Ұлттық арнасының тапсырысымен қолға алып жатқан жобамыздың бояуын ашады деген сеніммен шақырып отырмыз. Алыптардың қатарындағы Серке Қожамқұловтың кинода көтерген жүгін енді Бекеңе аударып салмақпыз!-деп ерекше баға берді.
- Кейбіреулер мені ҚР Халық əртісі Серке Қожамқұловқа қатты ұқсатады. Бұл туралы ең алғаш мені көргенде Асанәлі Әшімов ағамыз айтқан еді. Одан кейін Тұңғышбай Жаманқұлов та қатты ұқсатты. Кейін Ұлан Нүсібәлиев, Асқар Наймантаевтар таң қала бас шайқайтын. Кескін –келбет қана емес, сөз саптау мен интонацияға дейін аумайды, Серке Қожамқұлов қайта тіріліп келгендей əсер алдық дейтін. Алла тағалаға мың шүкір сондай адамға ұқсатып жаратқан. Адам баласы өмірге келген сәтте оның болашақ тағдыры маңдайына жазылады дейді ғой. Өзімнің туып-өскен жерім – ауылды аймақтағы қазақы орта. Әкем шертпе күй шертетін, анам ән айтқанды жақсы көретін. Өздері өнерег жақын болған соң, ауылға әртістер келгенде, оларды біздің үйге түсіретін. Содан да болар бала кезімнен өнерге жақын болдым. Мектеп бітірген соң, алыс ауылдарға су тасыдым. Кабинамнан домбыраны тастамайтын едім. Су апарып, жалғыз өзім концерт қойып қайтатынмын. Бұл жағын қатырғанмен, көлік айдап, оңдырмадым. Бірде анамның ошағын бұзып кетсем, бірде тал-теректі сындыра тоқтап, талай сөз еститін едім. Бірде шыдамы таусылса керек, әкем: «домбыраңды ал да, бар әртістің оқуына түс» деп ауылдан қуып жіберді. Содан мәдени ағарту училищесіне түскенмін. 1995 жылы Т. Ахтанов театры ашылғанда, бірінші болып барған әртістердің бірімін. Бірде Нұрлыбек Жұбатқан «Қожанасыр –шоу» ұйымдастырды. Сценариі қатты ұнады. Тек әртістерінің ойнауы көңіліме қонбады. Соны Нұрлыбекке айтып едім, «кел, сен ойна онда» деп, шақырды. Сөйтіп сатира театрын құрған болатынбыз. Таң қалатыным, ол жылдары барлық жерде театрлар жабылып жатқан кез еді. Біз театр ашып жүрміз. Қазіргіжей ватсап, инстаграмм деген жоқ. Жаяу жүріп, афишаларымызды ілетінбіз. Ақша жоқ болса, жұмыртқа, қапуста әкеліп, концертімізге келетін.Оған да міне 20 жыл болыпты. 30 шақты спектакльде ойнадым. Интермедия да, драмалық шығармаларда да тапсырған рөлді ойнай беремін. Халыққа ұнайды. Ыстық ықыластарына бөлеп, алғыстарын айтқапн сайын, шабыттанамын,-дейді Берік.
Ел іщінен шыққан әртіс етене араласып жүріп, барлығын халықтан алады. Сондықтан да ойыны шынайы шығады.
- Мәдени ағарту училищесінде оқып жүргенде, бізді халық көп жүреін жерге, аялдамаларға апарып тастайтын. Сонда әрі-бері өтке адамдардың өішіне үңіліп, не ойлап бара жатқандарын байқауды тапсыратын. Мұқият қарап, бақылай білген адам бәрін көріп тұрады екен. Өз ойымен өзі арпалысқан адамдар сенің бақылап тұрғаныңды байқамайды. Кейін сол көрген –білгеніңді, ойыңа тоықп, түйгеніңді әйтеуір бірде кәдеңе жаратамын,-деп еске алды.- Менің өзіме «Әжелер сайысы» интермедиясындағы Шатақгүл кемпірдің рөлін сомдау өте ұнайды. Ол өмірде болған кісі. Кезінде пенсия бермеді деп, Шалқарда рельске отырып алып, пойызды тоқтатқан шатақ кемпірдің мінезін, сөз саптасын, қылықтарын көшіріп, сахнаға шығардым.
Нұрлыбек Жұбатқан, «Екі езу» театрының жетекшісі:
- Ақтөбе таланттан құралақан емес. Бізде күйші де, əлемге əйгілі əнші де бар. Тіпті, классикалық өнер иелері ешкімен кем емес. Бірақ, олардың баптаушысы мен жоқтаушысы аз. Ақтөбеде жеке тұрғыдағы өнер иелерінің шығармашылығын насихаттаудан гөрі, көпшілік көшеде өтетін шоу-думанға əуес. Бала кезімізде сыйқырлы шымылдықтың артынан сүйікті əртісіміздің қол соғып күтуші едік. Мүмкін, заман талабы солай ма? Өңірден атақты, танымал адамдарды көптеп шығаруды имақсат еткенмін. Берік Нұрмағамбетов - солардың алды. Жұлдызы жанып, киноға түсті. Алдағы уақытта да оны биіктен көреміз деп есенімн. Оның талантына тәнті болған кинорежиссерлар алдағы жобаларына шақырамыз деген. Қолдаушысы, демеушісі болса жыл сайын жарық жұлдыздардың бірнешеуін Ақтөбеден жарқыратып шығаруға болады.
Бөлісу: