АДАМ ТЕРІСІНЕН ЖАСАЛҒАН КІТАП ЗЕРТХАНАҒА ЖІБЕРІЛДІ
Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың қаңтар айында осыдан 5 ғасырға жуық уақыт бұрын жарық көрген көне кітап көрмеге қойылған болатын. Яғни, 1532 жылы жазылған антроподермиялық ескі қолжазба туралы көрмеге келушілер көп болды. Латын тілінде жазылған кітапты түптеу үшін адам терісі пайдаланылған. Адам теріснен жасалған кітап тек қана отандықБАҚ-да ғана емес, шет мемлекеттердің тілшілері келіп, кітапханамыздың мамандарынан арнайы сұхбат алып жатты. Шетелдік газеттер мен журналдар және оның сайттарында көне кітап туралы жарыса жазып жатты.
Енді бүгін кітапханамыздың басшысы Үмітхан Дәуренбекқызының басшылығымен ескі кітап «Ұлттық ғылыми медициналық орталығының» электронды микроскопия зертханасында жіберілді. Бұл жерде табиғи тері материалының түпнұсқалығын анықтау үшін арнайы тексерілетін болады.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Федотских Галина Василиқызы қолжазба мұқабасынан, электронды микроскопиялық зерттеуге арналған материалдың қиындысын алып қалды. Бұйыртса, жақын арада кітаптың нәтижесі қандай болғаны жөнінде ақпарат тарататын боламыз.
Бөлісу: