Мендік арман тым биік

20.11.2018 7000

 

Тауқыметің аз болмаған мен білетін жолдарда,
Ең әуелі арман еткен небір мықты зорлар да.
Кең құлашым тала қоймас, жетем оңай дегенмен,
Бұралаңсыз, бұлтарыссыз бақыт сыйлар жол бар ма?

Армандарым, мұрша бермей қарайлауға бұрынға,
Мені алысқа жетелейді жол серігім жырымда.
Асығамын, аптығамын, ұмтыламын тағатсыз,
Шаттық күтіп алатындай арманымның шыңында.

Саған әкеп тіреймін де өмірімің бар мәнін,
Көтере алсам деп тілеймін сендік жолдың салмағын.
Жасқанбайын, жасымайын, бір өзіңе сенейін
Адастыра көрмегейсің мені асқақ арманым.

Ойлағаны болған әркез алтын, жақұт сарайлар
Болашағын сайран көріп, өткеніне қарайлар,
Өрелері дүниеден, құр тастардан аспаған
Жер бетінде арманы жоқ күн кешіп жүр талайлар

Мен олардан бақыттымын, алтын маған тас қана
Арманым көп расыменде, дегенімнен басқа да.
Адалдығым, адамдығым, арманымнан жоғары
Жан боламын не көрсем де ала жіптен аспаған.

P.S. Қақ алдыңда жолықса да биік құздар, жар қабақ,
Қалып кетпе бір бұтаны айналсоқтап, қалқалап.
Қол созым жер тұрған баққа, қол созбасаң өтерсің
Өмір бойы ұмытылмас өкінішіңді арқалап

Бөлісу: