Қар жауған кезде / Tombe la neige
Жақында шетелдік достарыммен бірге караокемен өлең айтуға барғанбыз. Қыза-қыза кезек «Tombe la neige» деген француз әніне келді. Мен француз тілінде айта бастап едім, достарым «қазақтар суырып салма ақын болады ғой бәрі» деп, «қазақша аяқ астынан аударып, ұйқастырып айтшы» деп қоймады. Қазақтың тілін таныстыру мақсатында мен де намысқа тырысып, олар бәрібір түсінбейді ғой деп, саспай орындай бердім. Бірақ, қалай болғанда да сол әнді қазақша сөйлетіп шықтым. Бір қарасам отырғандар сілтідей тынып, тыңдап қалыпты. Содан біреулері «қазақ тілі әдемі тіл екен» - деді. Бір қызығы, келесі күні достарым менімен қазақша амандасты. Қазақ тілінде бір түнде сөйлеп кетіпті...
Сол қызық әңгімемен сіздермен бөлісейін дегенмін негізі, «жанында жүрген адамдардың өмірін қызық қып өткізу - әр адамның парызы» деп бір француз жазушысы айтқан екен. Өмірлеріңіз әрқашан қызықты сәттерге толы болсын! Әнді сіздер де біле және шырқай жүріңіздер.
Қар жауған кезде
Сөзін аударған: Назкен Келжанова
Әні: Caлваторе Адамо
Қар жауған кезде
Неге кешке келмедің?
Қар жауған кезде
Сені іздейді жүрегім.
Аппақ жібек жолдар
Көз жасындай тұнық.
Мұңаяды құс та
Тал басына шығып.
Неге кешке келмедің?
Отырмын ғой өкпелеп.
Бірақ қар жауады
Айналаға себелеп.
Лаа-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла.
Мм-мм-мм-мм-мм.
Қар жауған кезде
Кешке келген сен қайда.
Қар жауған кезде
Өкінгенмен не пайда.
Жабырқайды жүрек
Сенген соң сөзіме.
Таусылар тағатым
Жас келер көзіме.
Неге кешке келмедің
Жүрек саған өкпелі.
Бірақ қар жауғанмен
Бұл күндер де өтпелі.
Бірақ қар жауғанмен
Бұл күндер де өтпелі.
Лаа-ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла.
Мм-мм-мм-мм-мм.
Tombe la neige
Salvatore Adamo
Tombe la neige
Tu ne viendras pas ce soir
Tombe la neige
Et mon coeur s’habille de noir
Ce soyeux cortege
Tout en larmes blanches
L’oiseau sur la branche
Pleure le sortilege
Tu ne viendras pas ce soir
Me crie mon desespoir
Mais tombe la neige
Impassible manege
Tombe la neige
Tu ne viendras pas ce soir
Tombe la neige
Tout est blanc de desespoir
Triste certitude
Le froid et l’absence
Cet odieux silence
Blanche solitude
Tu ne viendras pas ce soir
Me crie mon desespoir
Mais tombe la neige
Impassible manege
Бөлісу: