Жыл кітабы анықталды

04.01.2019 7252

Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының қорытындысы жарияланды.

 

2018 жыл соңына қарай 2019 жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясын анықтауға дауыс беру әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Аталмыш жобаны қорытындылау мақсатында облыстық, қалалық, жоғары оқу орындарының кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының» қорытындысы бойынша  жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.

 

Сондай-ақ, осы акция барысында «Үздік кітапханашы - 2018» және «Үздік кітапхана басшысы - 2018» номинациялар  бойынша жүлдегерлер мен үздік оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

ҚР Ұлттық академиялық

кітапханасының баспасөз қызметі

Бөлісу: