Ұлы дала тарихы - ұрпаққа аманат

09.01.2019 20410

 

 

Елбасының жолдауын және ол туралы жазылған пікірлерді оқи отырып , еліміздің тарихын зерттеп зерделеу-жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі біздің қасиетті парызымыз деген ойға қалдым.Қазіргі жоғарғы стандартпен білім алып отырған жастарымыз және шетелдіктер елімізді тек Астанамен танитындығы еліміздің тарихын танытуға жаңа бағыт ,жаңа леп керек екендігін байқатты. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы мәселеге дұрыс бағытта жаңа леп беретіндей.Бұл мақалада біз ұлы елдің ұлы мұрагері екенімізді жас ұрпаққа кеңінен насихатталған. Алғашқыда қарапайым ғана атқа міну әдебі туралы айтылған бөлімді алатын болсақ, еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

 

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал, жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты1- дей отырып ұлы дала халқының атқа міну мәдениеті сол үшін ыңғайлы киімдер; шалбар, ыңғайлы өкшелі саптама етіктің мұрагерлері,таратушысы болғаны  ұлы дала халқының аса жоғары деңгейдегі мәдениеттің Отаны екенін көрсетеді. Расында, әлемді дүр сілкінткен Шыңғысханның әскерінің негізгі күші осы атты әскер болса,оның көп бөлігі  осы ұлы Даланың халқынан құралған2.Бұдан кейінгі металлургия мен аң стилінің әлемдік өнердің биік белестерінің екенін айта отырып жас ұрпаққа оны зерттеп дамытуға,отандық сәнгерлерге осы стильді неге шабыт пен сәннің жоғары белесіне жеткізбеске деп ой салатындай.Бұдан кейінгі елімізден табылған біздің тарих үшін баға жетпес қазына болып табылатын «Алтын адам» және онымен байланысты шыққан мифологияны еске түсіре отырып, ол тек біздің еліміздің ғана емес әлемдік тарих үшін де баға жетпес қазына екенін ұмытпауды тапсырып,одан кейінгі  еліміздің киелі мекендерінің бірі –Түркістанда  ғылым мен тарихтың дамуының ежелден бастау алғандығын көрсетеді. Ал бұған дәлел әлемдік тарихта  «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл Фараби атамыздың Отырар аумағында туылғанын, өмір сүргенін, оның ілімінен сусындаған Ибн –Сина немесе Авиценна, Ұлықбек, Мұхаммед Қашғари, Мұхаммед хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұнилердің есімі бізге белгілі. Бұлардың ішінде Дулати бұл дулат руының ұрпағы  екенін,  Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласынан шыққанын және бұл қалалардың осы Түркістан аумағына жақын қалалар болғандығын жас ұрпақ білмей кетуі де мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жандандырылуы керек екеніне нұсқау болардай.Ал Ұлы Жібек жолы ол әлемдік сауда керуен жолының маңызды нүктесі біздің еліміздің көптеген қалалары арқылы өткенін біліп түйсінудің өзі еліміздің тарихы үшін мақтануға тұрарлықтай. Бұдан кейін еліміздің алма мен қызғалдақтың отаны екендігі көп айтыла бермейтін тың тақырып. Мысалға, әлемге таралған қызғалдақтың 35 түрі болса, ол біздің елімізде өсетін қызыл,сары қызғалдақтың ұрпағы.Ал бұл гүлдер тек қана шөл шөлейтті жерде өсетіндігін ескерсек,біздің еліміздің көп бөлігі осындай шөл шөлейттің жері емес пе, бұған қарама қарсы алма ылғалды, қоңыржай белдеуде өсетіндігін білеміз. Сонда шөлдің әсем өсімдігі қызғалдақ пен қоңыржай белдеудің тәтті жемісі алманың  отаны біздің еліміз деген пікірдің өзі біздің даламыздың ұлылығын, тылсымдылылығын, сан қырлылылығын  айшықтай түседі емес пе?Елбасымыз болашақ ұрпақ алдына осындай міндеттерді қоя отырып, «Тарихи сананы жаңғырту»бөлімінде осы міндеттерді шешу үшін бірнеше ірі жобаларды  ұсынады.Архив-2025 жобасы арқылы елімізде кең ауқымда жүргізілген «Мәдени мұра» жобасы негізінде көптеген жаңа зерттеу жұмыстарын  бір жүйеге келтіріп, оқырман  қауымға  кең аумақта қолжетімді жеткізу де басты назарда болуы шарт.Бұл үшін заман талабына сай цифрлау жүйесін енгізуді  тапсырса, ендігі бір айта кететіні орта білім беретін мектептердегі тарихи-өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстардың рөлінің маңыздылығын айрықша атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстың бастауы ретінде үстіміздегі жылдан бастап  білім ошақтарында өлкетану сабақтары жүргізілуде.Болашақта осы жұмыстар кең ауқымда қолға алынып, тарихи-археологиялық қозғалыстар бүкіл қауымның аса назарға алып, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыратындай  дүние болуы үшін  жан-жақты жұмыс жасалынатындығына сеніміміз мол.

 

Ұлы даланың ұлы есімдері. Бұл өз алдына кең ауқымды тақырып екені анық.Осы орайда Елбасымыз Ұлы даланың ұлы есімдерін жаңғырту мақсатында,олар туралы толық қанды зерттеу жүргізіп, жинақтау арқылы ұлы дала ұрпақтарына ұмытылмас тарих сыйлау үшін оқу-ағарту энциклопедиялық саябақтар ашу идеясы арқылы еліміздің тарихын жаңғыртудың өзгеше жолын ұсынды.Осы ойдың өзі Қазақстанды дүниенің төрт құбыласына танытатындай идея.Неге десеңіз мына есімдерді атап-ақ , күй атасы Құрманғазы десе еліміздің батысын, ұлы ақын - Абай десе шығысын, қыл қобыздың иесі - Қорқыт десе оңтүстігін, күш атасы- Қажымұқан десе солтүстігін, ал тұңғыш академик Қаныш Сатпаев десе орталығын бүкіл әлемге танытатындығы айдан анық.  Осы бағытта еліміздің ұлылығын шетелдік қандастарымыз бен шетелдіктерге  таныту мақсатында шетелдік тарихшыларды тарту арқылы әлем елдеріндегі архивтердегі еліміздің тарихы үшін маңызды құжаттарды елге әкелу де көзделіп отырғандай.Қытай, Ресей және басқа да өркениетті елдерде біздің тарихымыздың  ежелден бастау алатын құнды құжаттар бар екендігі дәлелденген тарихи факт.Ал оларды елге таратудың ең дұрыс  жолы осы іспетті. Бұдан елбасымыздың көрегендік  бейбіт саясатын ұғынғандай боламыз.Бұдан кейінгі жобалар арқылы еліміздің тарихын жан-жақты танып,тауып,жинақтаудың маңызды жобаларын таныстырады.Және еліміздің мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Мысалға, Отырар қаласында су құбыр жүйесінің,көшелердің, үйлердің реконструкцияларынан көрме ұйымдастыруы арқылы елімізде қала мәдениетінің  бұрыннан дамығандығын және сол жібек жолы арқылы таралғандығын көрсететін шараларға көңіл бөлу керек.Осы жұмыстар арқылы туризмді дамытуды қолға алынатындығыда дұрыс шешім секілді.Бұдан басқа ұлы дала фольклоры мен музыкасының мыңжылдығына орай ұйымдастыруға болатын іс-шаралар қолға алынуы керектігі де маңызды. Шынында осы ен даланың әр төбесі, әрбір қыры бір-бір тарихтың әуенін білдіріп тұратындай.Кісенді ашқан Құрманғазының күйі, сарыарқадағы еркіндік үшін күрестегі ат дүбірі,ата-баба ұраны, бүкіл елге таралып, қырық қызды өзіне шақырған Қорқыт бабамыздың қобыз сарыны,жерұйық іздеген Асанқайғының желмаясының демі ,талай ғашықтың жырына айналған Қозы көрпеш пен Баян мұңлықтың жыры,Еңлік пен Кебектің ғашықтарға сәлемі,бір бүйіріне жантайған Келіншектаудың да өзіндік ашылмаған құпиясы бар.Әз Тәукенің ел басқаруда сенімді серіктері бола білген еліміздің үш тағаны үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің өмірі,көрегендігі туралы,Жиренше шешеннің тапқырлығы, Қарашаш сұлудың ақылдылығы туралы аңыз-әңгімелері мен Абай, Мұхтар,  Сәбит,Мағжан ,Сәкен,Бейімбет ,Ахмет бабаларымыздың өнегелі өмірлері мен елі үшін толассыз күресі туралы әңгімелер, қанатты сөзге айналып кеткен даналықтарын кеңінен насихаттау келешек ұрпақтың бойына отан сүйгіштік қасиеттерді сіңіру, ел тарихын ,елін сүюге тәрбиелеуде маңызды қадам. Осы орайда  ұлттық –мәдени мұрамызды кеңінен таратып, олардың телевизиялық нұсқаларын халық көңіліне қонымды,ұнамды жеткізуге баса назар аударылуы тиіс дейтіндей елбасы жолдауы.Иә, біздің тарихымыз әзірше тек мифологиялық тұрғыда, таста салынған таңбалар мен суреттерде ғана болып тұр. Бірақ басқа да өркениетті ел тарихы осындай мифологиялық тұрғыда ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілді де, кітап болып сақталды емес пе? Олай болса біз неге өз тарихымызды негізсіз деуіміз керек?Неге мақтан тұтып,келешек ұрпаққа жеткізбеске?Тарих деген ғұмыры ұзақ шексіз дүниенің әр күнінен ойып тұрып орын алатындай, алтын әріптермен жазылатындай тарихымызды, кешегіміз бен бүгінімізді және ертеңгі жарқын күндерімізді өшпестей етіп тарих бетіне енгізу еліміздің еңкейген қариясынан бастап еңбектеген сәбиіне дейінгінің міндеті емес пе?Олай болса тарихқа қосатын үлестің бастауы ретінде мына бір жемісті жұмыстың нәтижесін атап өтсек артық болмас. Президентіміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласын  насихаттау бағытында жүргізілген шаралардың бірі де бірегейі  үгіт-насихат бригадалары сайысы мекеме қызметкерлері арасында өткізілген болатын.Осы сайысқа Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,  Ақай ауылы , №279 орта мектебі ұжымынан қатысқан жас мамандардандан құралған команда жарыстың  кезең-кезеңінен сүрінбей өтіп, облыстық кезеңнен бас жүлде алып, еліміздің бас қаласы Астана қаласына  саяхатқа 12 жолдаманы ұтып  алып,қосымша бірнеше қызметкер Астанамыздың туған күніне орай жасалған жеңілдікпен еліміздің ордасы – астанаға барып қайтты.Осы жеңістің өзі үлкен еңбектің жемісі емес пе?Еліміздің қаймағы бұзылмас бірлігіне, татулығына ең бастысы тарихта Қазақ деген елдін атын өшпестей етіп қалдыруға қосқан еліміздің болашағы жастардың  зор үлесі десек те болады. Тұғырлы тәуелсіздігімізді қолымызға бүгінде әрбір қазақтың жүрегінде мәңгіге сақталған бүгінгі аға Қайраттарымыз кешегі жалынды жаастарымыз емес пе еді?!.Міне,  Елбасымыздың осы жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі бекер емес-ті. Жолдаудағы міндеттерді қою арқылы жастарға сенім арта  отырып,оларға өздерін табуға, тануға мүмкіндік беріліп отыр.Сондықтан еліміздің барлық жастары осы жолдаудағы идеяларды іске асырудың негізгі қозғаушы күші болса, осы жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру еліміздің саналы азаматтары, алдынғы арба үлкендердің қолында десек те болады.Осы бір Отан алдындағы міндетімізді жас та, кәрі де бүкіл ел болып жұдырықтай жұмылып жасасақ тарих бетінде Қазақтай елдің мәңгілік ел болып қалатыны сөзсіз!

 

 

Сілтемелерге түсініктеме:
1. «Ұлы даланың жеті қыры» .Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
2. «Алтын Орда» І.Есенберлин.

 

Мақала авторы туралы мәлімет:


1.Уркимбаева Нургуль Амирбековна- Қызылорда облысы,Қармақшы  ауданы, Ақай ауылы,  №279 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.


Жұмыс өтілі: 13 жыл,10 ай.


Баспаларда жарық көрген материалдары:


1.«12жылдық білім беру жүйесіне көшу сатысында қабілеттері әртүрлі балаларға білім беру мен мен тәрбиелеудің тиімді жолдары» баяндамасы.2013 жыл.  «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты», Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың жинағы, Қызылорда қаласы

 

2. «Жаңа бағыт-жаңа көзқарас» пікіртерім,2013 жыл. «Кері байланыс: жаңа ойлар, жаңа көзқарастар мен жаңа сабақтар» жинағы,Қызылорда қаласы.

 

3. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тиімді әдісі-диалогтық оқыту» мақаласы,2013 жыл. «Ұстаз мәртебесі»облыстық газеті.

 

4. «Жиренше мен хан», «Кім күшті?», «Ұр, тоқпағым, ұр» ертегілерінің аудармасы «Солнчный свет» халықаралық оқу-ағарту сайты.2017 жыл.

 

5. «Language is the bridge of  friendship» , « Педагогика и образование» халықаралық жинағы сертификат СТ199207,2017 жыл.

 

6. «Көптілді оқыту : мәселелер мен шешімдер» мақала, «Бәйтерек-Байқоңыр» газеті, ақпан,2017 жыл.

 

 

 

Бөлісу: