«Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді

11.01.2019 6828

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді. Бұл туралы Фейсбукте Қалдыгүл Жаныбаева жазды.

 

Қазақтың тағы бір ұлы туындысы жаһандану заманына сапар шекті. Ілияс Жансүгіровтың ұлы шығармасы «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді. Ағылшын тіліндегі басылымға ұйытқы болған Жанар Жандосованы, аудармашы Белинданы, ақынның өмірі мен шығармашылығына терең талдау жасап, алғысөз жазған Зифа Әуезованы, кітапты рухын қазақша, формасын еуропаша безендірген Дәурен Қастеевті құттықтаймыз! Көне Құрлыққа сапарың оң болсын, «Құлагер» дастан!», - деп жазды Қалдыгүл Жаныбаева.

 

Еске сала кетсек, 2016 жылы поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шыққан болатын.   


 


 

Бөлісу: