ӨСКЕНБАЕВ ХАЛИУЛЛА ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

11.01.2019 7279

  

1849-1870 жылдар аралығында өмір сүрген. Абайдың інісі. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып таратушы болған

 

Омбыдағы кадет корпусында, Мәскеудегі Александр ІІІ атындағы әскери училищеде оқыған. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына қарайтын Сібір қазақ әскери бөлімінде қызмет еткен. Г.Н. Потаниннің айтуынша Өскенбаев орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып таратушы болған.

  

«Дала уалаятының газетінде» (1896, № 43) «Қазақтың тәуір адамдарының қылар ісі» деген мақалада Тургенов, Лермонтов, Толстой шығармаларын қазақ тіліне аударып, сұраушыларға жазып беретіні туралы жазылған, Халиулла Өскенбаев қазақ елінің әдеби мұраларын жинаушы. Ол жинаған әдебиет нұсқалар шығысты зерттеуші белгілі ғалым И.Н. Березиннің архивінде сақтаулы.

Бөлісу: