АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫН ЖИНАУШЫ
11.01.2019
5555
Шорманов Сәдуақас Мұсаұлы – алғашқы қазақ зиялыларының бірі. Қазақ қолжазбалары, оқу-ағарту, шаруашылық туралы және Шоқан Уәлихановтың портреті туралы Г.Н. Потанинге жазған хаттары сақталған. Абай өлеңдерінің қолжазбасын П.М. Мелиоранскийге тапсырған, ол Ленинградтағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасының академик А.Н. Самойлович архивінде сақтаулы.
«Дала уалаятының газетінде», «Айқапта», «Қазақ» газетінде қазақ елінің шаруашылығы, оқу-ағарту, мәдениет, тарих, этнография туралы мақалалары, қазақ елінің әкімшілік және сот құрлысындағы өзгерістер, бұрынғы билер мен кейінгі билерді салыстырған мақалалары жарияланған.
Бөлісу: