Ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап жариялаған – Дінмұхамед Сұлтанғазин

01.02.2019 7998

 

Том университетінде оқыған, Ш. Уәлихановтың немере туысы. Санк-Петербург университетінің заң факультетін бітірген.

  

Кезінде қазақ-орыс тілдерінде бірдей жарияланып тұрған «Дала уалаятының газеті» (1888-1902) мәдениетіміздің тарихында елеулі орын алғандығы мәлім. Оны шығарушыларды бірі Дінмұхамед (Дінше) Сұлтанғазин қазақ баспасөзінен, әдебиетінің тарихында айтулы із қалдырған, білімді ғалым, аудармашы. Ол «Дала уалаятының газетінде» халқымыздың мәдениеті, тілі, әдебиеті жөнінде сауатты да білімдер мақалаларын жариялаумен қатар, өзінің журналистік міндетіне орай, екі тілде бірдей аударма жасап бастырып отырған. Сонымен қатар, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап жариялаған.

  

Ш. Уәлихановтың немере туысы ағарту саласындағы істерін қолдап, оны қай жағынан да өзіне ұстаз тұтқан. Қазақ тілі туралы көлемді мақалалар жариялап, оның сол кездегі жағдайына, болашағына дұрыс талдау жасаған. Оның шет ел сөздерін орынсыз алудың дұрыс еместігі, алған кезде оны қалай транскрипциялау керектігі, қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен ерекшелігі, араб әліпбиінің қазақ сөздерін жазуға келе бермейтіндігі сияқты пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы, заңы, дәстүрі туралы хабарлары, мақалалары тарихымыз үшін ерекше құнды, мәнді материалдар.

  

«Дала уалаятының газетінде» жарық көрген еңбектерінен Д. Сұлтанғазиннің жазу өнерінің мәдениетін жете меңгерген, білімді де дарынды қаламгер екенін байқаймыз. Әрине, бұл шығармалардан өз заманының таңбасы да, сол кездегі ғылым-білімнің дәрежесі де анық көрінеді.

Бөлісу: