Жұмекеннің күнделігінен. 7-тамыз

19.02.2019 4574

Талай күннен бері әне жауады, міне жауады деп жүрген жаңбырлары - өткен түнде басталды. Ғажап салқындық, бір рахат самал еседі. Әй, бір ұйықтадық-ау. 


Түскі астан кейін де ұйықтармын-ақ деп ем, болмады: екі қара шыбын емешемді құртып бітті. Тұмсығымнан бастап, кірпігіме шейін қонып шықты.Бірер газетті қатты шиыршықтап алып, ұрып та өлтірмек болдым. Дегенмен, өзіңнің адам болар-болмасыңыз әлі белгісіз бола тұрып, шыбын да болса тірі мақұлыққа қазауаттық ойлаған ұят секілді көрінді. Әрі ... Менің екі бірдей сыншым болып еді. Олар да осы екі шыбын сынды мазамды алған болатын. Ол екеуі де тірі жүр ғой, мына екеуі де тірі жүре берсін деген ой келді.

 

Жалқау кісінің Гуманист келетіні рас. Кейде қорқақ кісі де Гуманист.

 

 

Ж.Нәжімеденов

 

 

 

 

Бөлісу: