Стрекоза и муравей: қазақ әдебиетіндегі төрт нұсқа
«Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 32-санында басылған И.А. Крыловтың «Стрекоза и муравей» («Инелік пен құмырсқа») мысалын А. Құнанбаев «Құмырсқа мен шегірткі» деп аударып бастырған. Бұл мысалдың да қазақ тіліндегі төрт түрлі аудармасын кездестіреміз. Ал екіншісі «Шырылдаған шегіртке, ыршып жүріп ән салған» деген кіріспемен басталатын Абайдікі, үшіншісі, 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» кітабына басылған С. Көбеевтікі және төртіншісі 1912 жылы «Айқап» журналында автордың орнына «Омбылық» деп қол қойылғаны. Бұл төрт нұсқа да еркін аударылған.
Орыстың классикалық шығармаларын аудару, сөйтіп ХІХ ғасырдың аяғына тәржіма ісін қалыптастырып, дамыту қазақ жұртшылығына басқа ұлттардың туыныдарын таныстырып қана қоймай, осы саланың бізде де жетіле түсуіне ықпал етті.
Міне, осының негізінде де ел аузында ұсақ әжуа-мысқыл, мысал шағын күлдіргі, ертегілер ортақ дүниеге айналып, қазақ оқырмандарына жетті. Бұл ретте С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С. Дөнентаев сияқта ақын-жазушылардың қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.
Бөлісу: