Тұңғыш ғылыми кітапхана ұйымдастырылған жыл
27.02.2019
4771
1946 жылы КСРО-дағы Ғылым академиясының Қазақ филиалының негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясын Қ.И. Сәтбаев ұйымдастырған болатын. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге аса қажетті Орталық ғылыми кітапхананы да сол жылы ұйымдастырған еді. Қаныш ағаның қолхатымен төңкерістен бұрын жарық көрген қазақ кітаптарының, газет-журналдарының, қолжазбаларының түпнұсқасы, фотокөшірмесі, ксеро-көшірмесі Қазан, Санкт-Петербург, Мәскеу, Тәшкент, Уфа қалаларының кітапханалары мен архивтерінен жиналған болатын.
«Қазақ халқының атамұралары» атты мазмұндалған библиографиялық көрсетікш тұңғыш Академик, бірінші президент Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың рухына бағышталады!
Үшкөлтай Субханбердина
Бөлісу: