айға қатты ынтызарлық,ғашықтықтың нышаны
ай жайлы,айдай ару жайлы,әңгімені көп айтатын Семейлік жас ақын-Қажытай Серікжанның өлеңдері
Жолсыз Қоғам.
(Шәкәрімге арнау)
Оу Ертіс,саған айтам,шағам мұңды,
Сан ойды толқындатар,жағаң құмды.
Болмаса адамзаттан кім тыңдайды?
Сөз ұқпайтын қоғамда санам кірді.
Бір ару кеп құшағыңа құлағанда,
Бір ақын кеп,жағаңда жылағанда.
Меңірейіп жатасың тілсіз Ертіс,
Үйрену керек сенен,тірі адамға.
Мен болсам шыдамаймын надандыққа,
Өз тілінде сөйлемеу адамдық па?
Қазақты қойша айдаған,қара қоғам,
Сор құдыққа бара атыр,аран жұтқа.
Ақын айтқан,ар ілімі қайда қалды?
Арды қазір нан қылып пайдаланды.
Ақинақтан асырып ойлағандар,
Бақи жақтан таба алмас,жайнақ арды.
Қазақ кімнің сындырған керегесін?
Жүре берсең жетпйсің,деген осы.
Ар-ожданды аттаған мүсәпірлер,
Күтсін енді кегімнің селебесін.
Оу,Ертіс,кетейікші аттан салып,
Әйтпесе түсетіндей бастан бағым.
Өзі-өзі аяйма мына жұртың?
Арды сабап,ұятты атқан халық.
Жерім кетті сатылып ,ең керегі,
Елім кетті шатылып ,емде мені.
Оу,Ертіс егерде мен өле қалсам,
Сор құдыққа апарып жерле мені!
**/**
Хат жазбайсың дейсің бе?
Кешір күнім...
Сансыз ойлар,баяғы есіл мұңым.
Хат жазбадым,оның рас ,соңғы кезде,
Ұға алмадым алып жүр есімді кім?
Хат жазбайсың дейсің-бе?
Ондай ойлар ,міз баған.
Сары хатты жапыраққа айналдырар күз ғана.
Жаратушы екеумізді жұмыр жерге жіберген,
Сенсең сені алып қояды-ау деп,
Мен одан да қызғанам.
Хат жазбайсың дейсің бе?
Түк жазбадым шындығы,
Шылым шегім жүрмін қазір,қарап өмір түндігін.
Мендік ойлар,сендік сезім,білсең ғой,
Жұмыр жерде ,әлі ойлап табылмаған,бір ғылым.
Хат жазбадың дейсің бе?
Хаттар жайлы түс көрем?
Хат жазбадым, бірақ неге көңіл одан күпті емес.
Екеумізге жаратушы жаратқан бір жұмақ бар,
Хат дегенің не тәйрі,
Хат дегені түк те емес!
**/**
Мен ол қызды ойлап ,түнімен,
Жыр ішіп те,у ішіп те көрген ем.
Тұңғиығы тым бөлек көздерімен,
Туысыпта көрген ем.
Мен ол қызды ойлап,түнімен,
Отырушы ем,ес ауа.
Туыс деп жүрген көздері,
Туыса алмады не шара?
Мен ол қызды ойлап, түнімен,
Кетуші ем нұрға домалай.
Сүйемін деген,сүйгеннің,
Сүйгені бар ,обал-ай.
Мен ол қызды ойлап,түнімен,
Өлең жазам,қайғырам.
Оны ешкім білмейді,
Оған әлгі, ай куә.
Мен ол қызды ойлап,түнімен,
Болып жүрмін бір түрлі.
Өлең оқы дегендей,
Маған оның кірпігі...
Кездесу ...
Кездескенде құдай жоқ деп көп әңгіме айтушы ем,
Сенде соны тыңдаушы едің ұйылып.
Содан кейін түн ортада үй жағыма қайтушы ем,
Жаратқанға сыйынып.
Үй жолында,жолығатын ылғи-ылғи бір кісі,
Екі қолын жазуменен әрлеген.
Болмысымен жаратқанға өкпелеген бұл пішін,
Бауыр етін былтыр ғана жерлеген.
Қайтарымда,
Үй шығатын,қақпасында моланың бір табы бар,
Кемпір мен шал сырт жағында тұратұғын жол қарап.
Бұл күндері кемпірі өлген ,мола үйдің шалы бар,
Әй дүние-ай доңғалақ.
Сол жолдар-ай қалалық қып ,мінгестірген іңірге,
Сен қалдың ғой,сені тастап кеткен екем несіне.
Үй жағыңа бастайтын бір жолға түссем бүгінде,
Құдай жайлы әңгімелер түседі кеп есіме.
Күлік уақыт,бір-ақ сәтте,бір-ақ сәтте кісінеп,
Тірі адамдар қонағынан өлі болып тарасты-ақ.
Мен есейдім ырдуменен тартып,ішіп от,
Сен бойжеттің үйдің маңын аластап.
Махаббат-ай ауру қылған,өзің үшін жаралса ем,
Сырғалымға сөз айтқызбас мылқаулық.
Құдай берген көздеріңе ұзақ-ұзақ қараушы ем,
Құдай жайлы әңгімені сылтау ғып
Солай болды,ырду уақыт,арты ащы,басы бақ,
Сол бір жолды көрген кезде жұпарыңа қанды дем.
Бұл күндері саған қалай,
Маған оттай басылады,
Құдай жайлы айтылатын әңгіме.
Ай қарау...
ай аспанда ,аққу қанат сияқтанып қалықтап,
сенің маған көзқарасыңдай шақырады жарыққа.
мен бейбақ-ау сенің менен кеткеніңді ұмытып,
сауып ішем көп мұңымның бұлытын.
сенде маған айтушы едің,
мұның көп деп бұрында,
ал мен болсам екеумізді көк пен жерге теңейтін ем,
ақымақ,
екеуі де қосылмаған,
сену керек ырымға.
ай астында ,
қарашы ей,
екі ғашық тұр ғой әне табысып,
бір беймәлім күйге түскен еріндей.
негізінде көп ақындар өледі екен алысып,
махаббат пен ажалға да берілмей.
сен кетіп ең ,
мен әлі де жүрмін мұңға тұсалып,
өзегімді өбектеткен жетім қозы құсалық.
сенде қарғам,мен секілді іңір қайтыс болғанда,
қарайсың ба сол айға?!,
алайда,
айға қатты ынтызарлық ғашықтықтың нышаны
Бөлісу: