Ұлттық домбыра композициясына байқау жарияланды

05.03.2019 5120

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында 2018 жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын.

 

Осыған орай аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы домбыра ескерткішінің композициясына байқау жариялайды. Байқауды ұйымдастырудағы тағы бір себебі, ұлттық мәдениет пен рухани беделімізді нығайту, домбыраның құндылығын түсіндіру болып табылады. 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 1 шілде ұлттық домбыра күні былай деген болатын:

 

Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Киелі домбырамыз күмбірлеп, үні мәңгі асқақтай берсін! – деді министр әлеуметтік желіде жазылған жазбасында.

 

Байқау шарттары: ескерткіш 20 метр биіктікке сәйкес келуі, дыбыстық эффектілерді беруі және метал құрылғыдан жасалуы шарт.

 

Ең үздік жұмыс ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алдында орнатылады.

 

Байқау 24 наурыз күнінен басталады. Байқауға еліміздің барлық суретшілері мен мүсіншілер шақырылады.

 

Үміткерлердің еңбектері әлеуметтік желілерде (Facebook) жарияланады және дауыс беріледі.

Бөлісу: