Көрісу күні өтті
Наурыздың 14-і «Көрісу күні» ұлттық мерекеміз - Наурыз туралы өткізілген іс–шаралар Бурабай ауданы Щучинск қаласының №2 орта мектебінде 14 наурыз – Көрісу күніне байланысты Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мектепте сыныптан тыс сабақтар жүргізілді.
Мақсаты: Ұлттық салт дәстүрімізді ғасырдан- ғасырға дұрыс жеткізе білуге « Ұлттық қол өнер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм тәтіп,қазақи нақышта ұлттық киімдердің түрімен танысып,әр киімге ою-өрнектің маңыздылығын түсінді,ұлдар арасында ұлттық ойын « Асық », шартты түрде наурыздың 14-і «Көрісу күні» (кейде «қауышу күні) деп атауын ,Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталатынын түсінді.Оқушылар жасы үлкен адамдарға сәлем беріп,бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп қазақ тілінде тілек айтып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешірілген, араздықта болғандарын ұмыту күні екенін және Бұл күннің ерекшелігін түсінді.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсететін күн болғандықтан, Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.Бүгінгі сабаққа арнайы Сәлемдесуге Біздің мектептің 1 «а» сынып оқушылары «Қазақ Биін»билеп. Олар:
1.Рыбак Элеонора
2.Токкарова Нурай
3.Чекулаева Дарья
4.Ержанова Инжу
5.Лыскова Юлия
6.Фаст Ева
7.Шәйкен Әдемі
8 б»сынып оқушысы Попова Наталья «Шашу»жеке биін тамашаладық.
10 сынып оқушылары Касымова Амина мен Прокопенко Анжелика «Наурыз» туралы тақпақ айтып, 1«а» сынып оқушысы Шәйкен Әдемі Наурыз туралы буклет дайындап,Еліміздің мақтанышы Бәйтеректі ұсынды, 8 в сынып оқушысы Чернявская Анастасия «Көктем»суретімен қуантты.
Ұйымдастырған : №2 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.М.,Абдрахманова И.С.
Бөлісу: