Жер тарихы – адамның тағдыры
Ол өзінде сан ұрпақтың іздерін, адам қолынан шыққан туындыларды сақтауда. Біздің республикамыздың бір ғана Жезқазған облысының өзінде жүзден аса мәдениет және көне ескерткіштерді санауға болады. Аяққамыр (ХІ-ХІІғғ.), Алаша хан (ХІІғ.) Ақмешіт әулие (Ұлытау шыңында орналасқан ескерткіш, онда әйгілі ақынның Тана атты бәйбішесі жерленген, - ХУ ғ.) және басқалар секілді бүгінде және болашақта аса құнды болатын мазарлық құрылыстарды атасақ та жетерлік. Облыста көптеп кездесетін мазарлардың және мұражайлардың көбі ешқашан да ғылыми талқылау заты болмаған әрі зертелуін күтуде. Тіпті жоғарыда аталған ескерткіштердің мәдениет және ғылыми құндылығы үнемі аталып, ешкімнің тарапынан талас тудырмаса да әрі күнге дейін жан-жақты зерттелмеген, дегенмен де оларға қатасты әртүрлі пікірлер көптеген кітаптарда айтылған. Кез келген мазарлы ескерткіш қандайда бір батырдың немесе қаһарлы билеушінің жерленген жері ғана емес, ең алдымен адам қолымен жасалған өнер және мәдениет туындысы, оған кеткен құрылыс еңбек күшінің және халық шеберлерінің білімінің нәтижесі.
О.К. Жанайдаров
Қазақ жерінің жүз аңызы
Бөлісу: