Елімізде екінші рет «Рухани қазына» фестивалі өтті

23.05.2019 5080

   

Нұрсұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай екінші рет Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалін өткізді.

 

Іс-шара барысында өңірден келген кітапханашылар өз жобаларын ұсынып, бақ сынасып жатыр. Мерекелік жиын барысында байқауға қатысушылар Қазақстандағы кітаптарды цифрлық технологияға көшіру және сол арқылы кітап құндылығын көрсету мәселелері жөнінде өз жобаларын таныстыруда. 

 

Одан бөлек латын әліпбиіне көшу, қазіргі заманғы жастардың кітап оқу ісіне деген құлшыныстарын арттыру, жалпы алғанда кітап оқуды насихаттау мәселелерін кеңінен талқылауда.

 

Фестиваль аясында пленарлық отырыс, қазылар алқасының отырысы, «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысушылардың қазылар алқасы алдында таныстырылым жасауы, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, панельді пікірталас, экскурсиялар мен сұхбат алаңдары өткізліп жатыр.

 

Сондай-ақ, шара барысында облыстық және ауыл мен аудандық үздік кітапханалар мен кітапханашылар марапатталды.

 

Айта кетейік, аталмыш іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткізілуде.

Бөлісу: