«Ел тірегі ─ Елордам» атты мерекелік іс-шара
Ұлттық академиялық кітапханада «Ел тірегі ─ Елордам» атты Елорда күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Аталмыш шара аясында «Ел-жүрегі Астана» тақырыбындағы сурет көрмесі де ұйымдастырылды.
Сағ.: 12:00-де Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай, қаламгердің «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильмнің таныстырлымы өтеді. Бұл фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.
Қоюшы режиссер: Жаңабек Жетіруов, Сценарий авторлары: Жаңабек Жетіруов, Қоюшы операторы: Рифкат Ибрагимов, Қоюшы суретші: Мұрат Кәріпов, Композитор: Арман Жайым, Продюсері: Ертай Рахманбердиев, Актерлердің қатарында Жау жүрек мың бала фильмімен көпшілікке танылған Асылхан Төлепов пен бірге Кек фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Алдабек Шалбаев та бар. Айта кетейік, бұл повестте автор сирек кездесетін ауыр кәсіп иелері - құдықшылардың өмірі туралы айтылған.
Іс-шараға Сәуле Досжан, Маржан Ершу, Оңайгүл Тұржан, Бақытжан Тобаяқ және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бөлісу: