Патриарх V Григоридің хаты немесе түркі халықтарының құлдырауы

05.08.2019 4238

Османлы падишахы ІІ Махмуд хан заманында 1821 жылы Рим көтерілісінің бас жоспарлаушысы болғаны үшін дарға асылған Патриарх V Григоридің (патриарх Константинопольский) Ресей патшасы Александрға жазған бір хаты бар. Бұл хат ұзақ жылдар бойы Османлы мемлекетінде Ресей патшалығының елшісі боп қызмет атқарған Н.П.Игнатьевтің естеліктеріндекеледі. Хатта Османлы мемлекетін қалай құлатуға болатындығы жайлы егжей-тегжейлі жазылған. Жалпы, хаттан Патриарх V Григорийдің «дұшпаныңды жеңгің келсе, оны жақсы таны» деген қағиданы жақсы ұстанғанын көруге болады.
 

Ол өзінің хатын «Түріктерді материалдық тұрғыда талқандап құлату мүмкін емес. Себебі, түріктер...» деп бастайды да түріктердің жаншылып, езіліп, талқандалуынан сақтап тұрған бірнеше қасиеті мен құндылықтарын тізіп шығады. Патриарх V Григоридің сөзімен бұл қасиеттерін атап айтсақ:
 

– Мұсылман болғаны үшін өте сабырлы және төзімді; 
 

– Өте паң, маңғаз және асқақ иман иесі; 
 

Бұл мінездері –
 

– діндеріне берік болғандықтарынан;
 

– тағдырға ризашылық танытқандарынан, 
 

– салт-дәстүрлерінің күштілігінен;
 

– падишахтарына (мемлекеттік қызметкерлеріне, қолбасшыларына, ақсақалдарына) болған итаған сезімдерінен келуде.
 

– Түріктер ақылды;
 

– Өздерін оң жолға бастап басқаратын басшылары бар болғанша еңбекқорлар;
 

– Өте қанағатшыл;
 

– Олардың барлық ерекше қасиеттері, тіпті қаһармандық және батырлық сезімдері де дәстүрлеріне деген беріктігінен, мінездерінің мықтылығынан келуде».
 

Қаншама жылдар бойы түріктердің арасында тұрып, оларды әбден зерттеген Патриарх олардың бұл қасиеттері қайдан бастау алатындығын да жіліктеп береді. 
 

Түріктерді танытқаннан кейін Патриарх оларды құлатудың да жолын көрсетеді. 
 

«Түріктердің, әуелі...
 

– Бойұсынушылық сезімдерін бұзу керек;
 

– Рухани байланыстарын үзу керек;
 

– Дінге деген беріктіктерін әлсірету керек», – деп келеді де Патриарх бұған апаратын жолды да айтады 
 

«Бұның ең қысқа жолы...» – дейді Патриарх V Григорий: – «ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА САЙ КЕЛМЕЙТІН КЕЛІМСЕК, БӨТЕН ПІКІРЛЕР МЕН ЖАТ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БОЙ ҮЙРЕТУ КЕРЕК», – деп негізгі жоспарды айтады.
 

Бұның нәтижесі қандай болмақ, оны да тізіп береді:
 

«Рухани құндылықтары шайқалған күні түріктердің өздерінен де сырт көрінісі тұрғысынан күшті әрі көп және басым әрі мықты болғандардың алдында жеңіске жетелеген асыл құдірет-күштері шайқалады. Сол кезде ғана материалдық құралдардың үстемдігімен оларды құлату мүмкін болады. Сол себепті Османлы мемлекетін жою үшін жалаң соғыс майдандарындағы жеңістер жеткіліксіз», – дейді Патриарх. 
 

 

***

 


Бұны неге жазып отырмыз? Жалпы, түркі және мұсылман халықтарын құлдырату осы сценарий бойынша жүріп жатқаны жасырын емес. Сізге Патриарх V Григоридің хатындағы «ТҮРІК» ДЕГЕН СӨЗДІҢ ОРНЫНА «ҚАЗАҚ» ДЕГЕН СӨЗДІ ҚОЙЫП ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗШЫ дер едім. Мұсылмандығымыз қаншалықты, сабыр мен төзімнен не қалды, иман дәрежеміз қай шамада, дінге деген беріктігіміз не жағдайда, тағдырға разымыз ба, жоқ әлде әр нәрсеге арызқоймыз ба, дәстүрге қаншалықты берікпіз, үлкендерімізге итағатымыз бар ма, еңбекқормыз ба, қанағатшылмыз ба, батырлықтан не қалды, мінезден не бар? Осы сұрақтарға бір жауап іздеп көріңіз де, құлдыраудың қай сатысында екендігімізді өзіңіз бір бағамдап көріңіз. 

Бөлісу: