Дәурен Серғазин. “Театр сән қумайды...”
Риза Ысқақ: Дәурен Серікбекұлы, театр өнері сәнге айналуы үшін не істеу керек?
Дәурен Серікбекұлы: Театр - сәнді қуаламайтын құралдардың бірі ғой. Ол адамға рухани азық беретін, жанды тыныштандыратын орын. Сондықтан, сәнге балаған емеспіз. Бастысы, қоғамға пайдасы тисе болды. Театрды жоғарыдан бастап қолдау керек. Оған жас режиссерлерді шетелде оқыту, шеберлік сабақтарын, көптеген фетивальдер өткізу, тіпті мектептегі кішкентай балаларға театрдың не екенін үйрету, тәрбиелеу кіреді. Театр сәнге айналуы үшін мелекет, қоғам болып қолдау қажет! Биыл Ресейде театр жылы жарияланды. Олар театрдың қоғамға қандай пайдасы мол екеніні біледі. Жас мамандарымызды шетелде оқыту сол жағы бізде бәсеңдеу! Өз-өзімізбен бір қазанда пісе бергеннен түк пайда шықпайды. Одан өспейміз! Сыртқа шығу керек, көру керек, тек сонда ғана өсеміз!
Риза Ысқақ: Өткенде Жастар театрында “Айман-Шолпан” премьерасы өтті. Алайда, бұл 90 жыл бұрыңғы материал. Неге XIX-ғасырда жазылған премьераға лайықты пьсалар соншалықты аз, әлде драматургия өлі жанр ма?
Дәурен Серікбекұлы: Ол көне шығарма болғанымен, классиканың аты - классика! Біз оны қазіргі заманға, бүгінгі көрермендерге лайықтап, ықшамдадық. Жалпы қазіргі таңда жазылып жатқан жақсы пьесалар, жақсы драматургтер аз деп ойлаймын.
Бөлісу: