Қазақ жеріндегі алғашқы оқуханалар немесе кітапханалар

27.09.2019 5949

   Революциядан бұрынғы Қазақстанның тұңғыш кітапхана-оқуханаларының  1883 жылы ұйымдастырылған Семей кітапханасы болды. Қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбаев ұзақ уақыт оның оқушысы болған. Өткен ғасырдың аяғында халық оқуханадары Павлодарда, Қарқарылыда, Зайсан мен Өскеменде, 1906 жылы Верный қаласында ашылған. Бұлардың кітап қоры өте аз болған, оқуханаларға патша цензурасы рұқсат еткен әдебиет қана алынған. Қазақстандағы барлық кітапхана-оқуханаларда 237 мың ғана кітап болған. Әдетте, кітаптар оқушыларға ақы алып беріліп тұрған.
   1956-1957 оқу жылынан бастап Қазақтың педагогикалық әйелдер институты жанынан кітапханалық бөлімше ашылды.

   Бұл республикамыздың мәдени өміріндегі үлкен оқиға.


Советтік Қазақстан мәдениеті кітабынан.

Алматы – 1957 жыл
 

Бөлісу: