Тағдыр сынығы
04.03.2020
4841
Сынағына шыдам керек тәңірдің
Күліп тұрып, бір мезетте мұндымын.
Саз балшықтай илеп кайта түзейсің
О тәңірім!
Сына, сынай түс мен тірімін...
Өзгелерден айырмам жоқ пендемін,
Ғажабы сол, менде өмірге келгенмін.
Жаратушы - сен шеберсің, ұлысың
О тәңірім!
Бақыт осы жарық күнді көргенім.
Жан мен тәнді біріктірген тәңірім,
Маңдайымда жазулы ма тағдырым?
Тәнім шыдап тұрса дағы білсеңіз
Жаным жылап жатқан кезде ауырдым.
Жан-дүнием -құрақ –құрақ құрылым,
Сенім, үміт, ұғындырдың ұғымын
Жалаң аяқ басып жүрмін дәл қәзір
Шытынаған тағдырымның сынығын.
Бөлісу: