Баурыңа барып көз ілсем...
24.07.2017
4728
Жәудіреп сәби-көздерім,
Сан сауал тағы тосылды.
Сүрініп кеткен кездерім -
Сүйдіргенім дерсің төсіңді.
Ғажабы артық ғаламнан,
Тым артық көріп күніңді.
Жасым бір тамса жанардан -
Суартқаным дерсің гүліңді.
Танысам көңіл кеңдігін,
Құдіреті шығар ол таңыңның.
Бал-бұлағыңның мөлдірі -
Мөлдірі дерсің жанымның.
Кеудемнің маздап оттары,
Үнсіз үйлесем айменен.
Самалыңның кеп соққаны -
Сырласуым дерсің жайменен.
Мөлдіреп тұрса көзде мұң,
Баурыңа барып көз ілсем...
Ойынды қуған кездерім -
Ой қуған кезім дерсің сен.
Беу, Ауылым!
Бөлісу: