Арлы адамның 8 қасиеті

02.11.2020 8173

1. Олар адам тұлғасын сыйлайды. Сол себепті кеңпейіл, жұмсақ, сыпайы. Олар жоғалған балғаға бола байбалам салмайды. Біреумен бір үйде тұрса міндетсінбейді. Кетіп бара жатып «адам емес екенсің» демейді. Олар ыстық пен суыққа, күйген тамаққа, үйіндегі бәз біреудің жүруіне де шыдайды.

2. Олар үйсіз мысық пен қайыршылар үшін ғана жүрек ауыртпайды. Олар көзбен көре алмайтынды көріп, сезеді.

3. Біреудің мүлкі олар үшін қымбат, сол себепті қарызы болса үнемі төлейді.

4.Олардың жүрегі таза. Өтіріктен қорқады. Тіпті ұсақ-түйектің өзіне  тамшы өтірік қоспайды. Өтірік айтушыны, тыңдаушыны да төмендететінін біледі. Олар түз бен үйде өздерін бірдей ұстайды. Сұрамаса сырын айтып ақтарылмайды.  Адамдарды босқа мазаламау үшін көбіне үнсіз болады.

5.  Біреудің аяныш сезімін тудырып,өз өзін төмендетпейді. «Мені түсінбейді, мені ая» деп ешкімге айтпайды.

6. Оларға жылтырақ қызық емес. Атақты адаммен таныстығын бұлдап, дастархандас болдым деп шіренбейді.

7.Бойында таланты болса қадірлей алады. Дарыны үшін жеке өмірі, тыныштығын құрбан етеді.

8. Эстетика олар үшін ең маңызды нәрсе. Күні бойы жүрген киіммен төсекке жатпайды. Кір еденде жүрмейді. Жыныстық құштарлығын көгендеп, әйелге тек төсектес ретінде қарамайды. Шошқадай тамақтанып, себепсіз арақ ішпейді.

Арлы адам болу үшін бұлардың өзі жеткіліксіз. Ол үшін сағат,минут, секунд сайын еңбектену керек. Фаусттан екі жол жаттап, музей, театр аралағанын маңызды емес. Тым болмаса, қазір бұрын оқымаған Тургеневті алып оқысаң жақсы болар еді.

Бөлісу: