Абай әлемі және ұлттық педагогика

12.03.2021 4897

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  президенті  Ғ. Бейсембаев белгілі абайтанушы Асан Омаровты қабылдады.

   

Академияның ғалым-профессорлар, ұстаз-педагогтермен кездескен абайтанушы Асан Омаров адам капиталын Абай әлемімен сабақтастыра дамыту турасында пікірін білдірді.

   

Ұрпақ тәрбиесінде Абай айтқан бес нәрсеге асығу, қашық бол деген бес нәрседен алшақ болу – ұлттық педагогикамен сабақтасуы қажет екенін және имандылық – әлеуметтік саясат пен мемлекет өмірінде маңызды рөл атқаратынын білдірді. Батыстық даму моделіне қатысты көзқарасын білдіре келе, ол табиғи қалпымызды табуымыз қажет деп ойын түйіндеп өтті. 

    

Абайтанушы ғалымның айтуынша,  тұлға ретінде тану, шығармаларының хронологиясын реттеу, қарасөздерін қалпына келтіру маңызды. Басты мәселе – Абайдың әр сөзіне қарапайым тілмен түсінік беру. Абайдың әр сөзі адамзатқа өнеге. 

   

Кездесу абайтанушы Асан Омаровтың академия қызметкерлерінің сауалдарына жауап беруімен қорытындыланды.

 

Кездесу академия қызметкерлерінің түрлі сауалдар қоюымен қызу жалғасты. 

Бөлісу: