Наурыз мерекесіне орай кітапханашылар арасында жаңа челлендж басталды

18.03.2021 4284

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз-Наурыз» атты жаңа челенджді бастады.

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы бірден-бір руханият ордасы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы «ЕЛГЕ ТІЛЕК» әнін орындады.

 

Аталмыш челленджге мекеме қызметкерлерімен бірге фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, ақын, «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар Одағы Нұр-сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева қатысты. 

 

- Құрметті қазақ елі! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын. Мерекенің бастамасы ретінде Ұлттық аккадемиялық кітапхан ұжымы осындай челлендж бастауға бет бұрдық.  Еліміздің, жұртымздың амандығн тілей отырып, төл мерекемізді жақсылап тойлауға шақырамын, – деді мекеме басшысы Үмітхан Мұңалбаева.  

 

Кітапханашылар бұдан әрі челленджді жалғастыру үшін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасына жолдады. Ал эстафетаны қабыл алған мекеме қызметкерлері  аталған челленджді жалғастыруға Алматы облысы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына ұсынды.  

Бөлісу: