Шаһизада сазындағы елес

25.03.2021 5002

(Досым Қаламқасқа)

 

Сіңіп кеткен ғасырлап желге, құмға.
Құлағыма мұңды әуен келеді бір,
Досым, бір сәт құлақ түр, сен де тыңда...

 

...Сен күлгенде Күн күлген, сүйкімдісің.
Табиғатта – адамның көшірмесі,
Сенен алған о,баста,
Күн – күлкісін.

 

Сенің сөзің бірі бал, шырын бірі.
Мойныңдағы моншағың – 
Жақұт тастар,
Жұлдыздардың жиналған жиынтығы.

 

Пенде біткен бұл сырды қайдан ұқсын?!.
Терезеңді айқара ашып таста,
Сенің жұпар ауаңды Ай да жұтсын!

 

Намаздыгер. Намазшам. Кешкі бесін.
Келіп жеткен дәуірден сазды әуен,
Сәуленің де даусы бар естілетін.

 

Бар ғой, бар ғой... жоқ болса неге өшпеген?!.
Көктемеде, көк шөптей гүлдеп тұрар,
Шаһизада сазынан елес деген!

 

 

Түңілу, тағы серпілу

 

Уақыт!
Жүректен шыққан, толтырып беттерін өлеңге,
Парақты шаң басса, жылдарым бекер ме?!

 

Биіктік!
Сенде тұр өлеңім, бір шырақ жанғандай төбемде,
Созғанда қолым жетер ме?!

 

Жалын!
Сенде бар жаным, лапылдап жансам дегенде,
Найзағай ұшқынға айналып... жауын – нөсерге!

 

Тағдыр!
Өлтіргің келсе, өлеңмен өлтір маңдайдан көрем де, 
Дайынмын ішуге у қосып бер шекерге!

 

Аспан!
Қыранның қанатын бер, мүмкіндік болса егерде,
Сосын, тастап жібер, биікке көтерде!

 

Жігер!
Ақындар жүрмейді төменде!..
Бір үміт күтіңдер менен де!..

Бөлісу: