Әдеби альманах көпшілікке таныстырылды

15.06.2021 5233

Беларусь мемлекетінің Ұлттық кітапханасында «Қазақстан-Беларусь» әдеби альманахының тұсаукесері және екі ел жазушыларының кездесуі болып өтті.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудағы бірлескен Фолиант басылымының маңызды рөлін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев таныстыру рәсімінде: «Біз бүгін Қазақстан мен Беларусь басшылығының бірлескен күш-жігерінің арқасында екі елдің мәдени диалогы сенімді болып көрінетінін мақтанышпен айта аламыз», - деп атап өтті.

 

Келесі сөз кезегін алған Беларусь Ұлттық кітапханасының директоры Оксана Книжникова соңғы уақытта елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған бірқатар халықаралық келісімдер, сондай-ақ Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум дәлел.

 

«Көптеген жылдар бойы біздің кітапханалар құжаттану, кітаптану және құжат айналымы саласында ынтымақтасып келеді. Бүгінгі кездесу елдеріміз бен мәдениетіміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі болып табылады. Сондықтан біз тек жинақтаған жұмысымызды сақтап қана қоймай, нәтижелерді арттыра отырып, алға жылжуымыз керек», - деп атап өтті О.Книжникова.

 

«Простор» журналы бас редакторының орынбасары, ақын Л.Шашкова: «Көптеген жылдар бойы біздің кітапханалар құжаттану, кітаптану және құжат айналымы саласында ынтымақтасып келеді. Бүгінгі кездесу елдеріміз бен мәдениетіміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі болып табылады. Сондықтан біз тек жинақтаған жұмысымызды сақтап қана қоймай, нәтижелерді арттыра отырып, алға жылжуымыз керек», деді.

 

М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі С.Ананьева: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Беларусь әріптестерімен әдеби және ғылыми ынтымақтастығымыз ерекше даму динамикасымен сипатталады. Әр түрлі мәдени және әдеби байланыстардың дәстүрлері жаңа деңгейге көтеріліп, әр түрлі болып келеді, бұл екі елдің танымал көркем сөз шеберлерінің «Қазақстан – Беларусь» алғашқы әдеби альманахының беттерінде поэтикалық және прозалық шығармаларының жариялануын растайды.

 

Қазақстан мен Беларусия мемлекеттерінің арасындағы әдеби процес заман ағымына сай ауқымды ұғым. Сол себептен екі ел арасындағы әдеби және мәдени байланыс, сондай-ақ, мемлекетаралық ынтымақтастық байланыс бұдан әрі нығайа түседі деген ниеттеміз.

 

Қазіргі таңда қазақстандық авторлардың шығармаларын аудару жалғасуда және Қазақстанның әдеби мұрасының үздік үлгілерін Беларусьтің танымал шеберлері-Николай Метлицкий, Мизаил Поздняков және басқалар аударады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын талантты ақын, прозашы, аудармашы Михаил Поздняков аударып жатыр.

 

Іс-шараға  ҚР СІМ шетелдік мекемелерінің қолдауымен шығарылатын әдеби-көркем альманахтар сериясының тұрақты құрастырушысы, «Простор» журналы бас редакторының орынбасары Любовь Шашкова, белгілі ақын, баспагер Бақытжан Қанапиянов, ақын және аудармашы Орынбай Жанайдаров, жас ақын Рена Жұманова қатысты. Беларусь тарапынан «Звязда» баспа үйінің бас редакторы, әдебиеттанушы, журналист Алес Карлукович, жазушы, Беларусь Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Елена Стельмах, Беларусь Ұлттық кітапханасының директоры Оксана Книжникова, Минск қаласындағы балалар орталықтандырылған кітапханаларының директоры Татьяна Швед қатысып, сөз сөйледі.

    

Осы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь жазушылары екі елдің ынтымақтастығы мен әдеби байланыстарын одан әрі кеңейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлейді.

Бөлісу: