Көктем жырлары

01.03.2022 4452

Бұл көктем

Сүйінші сұрайды барлығы
Көктемнің келгенін хабарлап.
Сезіне алар ма жан мұны
Бұл көктем сыйлай ма маған бақ?



Жаңа күн- көктемнің жаршысы
Жылуын төгеді күн де әсте.
Ақпай ма жанардың тамшысы
Бұл көктем сыйлай ма гүл дәсте?



Өкпені қалдырып өткенге
Жақын ғып жүргенді жатсынып.
Тоң басқан қар еріп кеткенде
Бұл көктем сыйлай ма жақсылық?



Көңілдің тұманын басатын
Жандантып сезімді тапталған.
Сарайын көңілдің ашатын
Бұл көктем сыйлай ма тәтті арман?



Сан арман тек алға жетелер
Тұрса да ойыңда бір күдік
Қылығын қыздың да көтерер
Бұл көктем сыйлай ма бір үміт?

 
 
              **********
 

Жылуыңды сездірші!

Көктем шіркін, келсе де күн жадырап,
Менің жаным мұңлы бір түн жамылат
Өзімді-өзім төзімге шақырсам да
күлуге шамам келмес бір жадырап.



Шаршадым, орындалмас бұл арманнан
адастырып ақылдан шыдамды алған.
Уақытын күте-күте сарсаң болдым
тағы бір көктем келді тұманданған
келеді ойдан арылғым күмәнданған.



Нөсерлеп құйып жатыр нұрлы жаңбыр
кетпеші адастырып мені тағдыр
Тұманмен көз алдымды бүркелемей
Сездірші жылуыңды жылы жаңбыр!

 

 
               *********
 

Көктем де келіп, гүл атқан кезде
Көкке бір қарап, мұң артқан кезде
Сен мені сағынасыңба?



Қызғалдақ сынды қызарған шақта
Кездесерміз деп біз алдансақта
Сен мені сағынасыңба?



Толқыны тулап, теңіз шайғанда
Жылымық күнім құшақ жайғанда
Сен мені сағынасыңба?



Қалың бір ойға берілген кезде
Қыдықтап қана жел үрген кезде
Сен мені сағынасыңба?



Күз келіп бақтар боялған шақта
Көңілсіз таңда оянған шақта
Сен мені сағынасыңба?



Мұнарып таудан күн көрінгенде
Қызарып күн де түнге ілінгенде
Сен мені сағынасыңба?



Күндер мен айлар жылға алмасқанда
Естеліктерің сырға алмасқанда
Сен мені сағынасыңба?


 

      **********
 
 

Көктемгі жаңбыр !

Көктемгі жаңбыр
Нөсерлеп құйып жауатын.
Көктемгі жаңбыр
Өзіңді еске алатын.
Көктемгі жаңбыр
Оралмай кеткен өткенге
Қол сермеп қана қалатын......



Әлі есімде, сол көктемгі кештерім
Бұрынғыдай, әсерлі күн кешпедім
Сен сыйлаған сол бір тал, қызыл гүл
Биылғы жыл оралмайтын кештерім...



Қол ұстасып бір жүрген сол саябақ,
Жаңбыр жауса, тұрушы едік саялап.
Қазір жаным бәрі, бәрі өткінші,
Үнсіздікпен еске аламын, аялап.

 

 

         **********
 

 

Көңілім, алып-ұшып нені іздедің
Бүгін тағы айнаға сыр ақтардым
Ой дейтұғын тұңғиық теңізде едің
Неліктен менен сонша жырақтадың



Жылуы жоқ, көктемнің гүлінің де
Әйтеуір өтіп жатқан солғын уақыт
Арманынан жырақтау бүгінімде
Адасқанға жолықсын, қайдан бақыт



Бақыт сұрап кімдерге жалынасың
Өз бастарын ала алмай жүргендер көп
Бірде осылай сарсаңға салынасың
Ту сыртыңнан мысқылдап, күлгендер көп



Кімнен көмек күтесің бұл күндері
Жылап ал, жеңілдейсің дейді бәрі
Күлгеніңді көре алмай білгендері
Тілінен тамып тұрғой ащы зәрі



Ақты неге құрғамай көздің жасы
Ақыл айтқыш пенделер ақылдан көп
Шара болды шақшадай қыздың басы
Сөзден көрі біздерде нақылдар көп



Тамшы тасты теседі дейсіңдерме
Таудың да жарылатын кезі болды
Бәрі де құрысыншы дейсің кейде
Жүрегім осы ойдан мезі болды



Қажет емес, пенделік ақылдар да
Бір Алла бере жатар өз жауабын
Тілегімді ақ адал мақұлдар да
Таза ниет тигізер өз сауабын



Көңілім, алып-ұшып нені іздедің
Бүгін тағы айнаға сыр ақтардым
Ой дейтұғын тұңғиық теңізде едің
Неліктен менен сонша жырақтадың



               **********

 

Жадыраса, жайнаса көкте күнім
Шығар ма екен өзгеден өктем үнім
Жырын жазсам қайтеді өтіп кеткен
Қайта оралмас он сегіз көктемінің.



Түсінеме сыр айтсам бауыр бүгін
Амал нешік, жалғанға таңулымын
Бізді ұшырған армандар қанатына
Байласам ба жанымның ауыр мұңын



Жымыңдаса жұлдыздар, ай ентелеп
Сөйлемесе адамдар маймөңкелеп
Айтарма едім он сегіз көктемінің
Сезімдерін тербеткен, жай еркелеп

 

        

       ************


 

Сүюді үйретші

Сен келіп
сүюді үретші
Өтірік көлгірсіп шаршадым
Тас болған қамалды күйретші
Санамды торып кеп алса мұң


 

Сен келіп
әлемге ғашық ет
Мейірімді Жақсылық жалғасын
Ғасырлық шекпейік қасірет
Жанарлар жәутеңдеп қалмасын
 

 

Сен келіп
Көктемдей гүл екші
Махаббат жұпары аңқысын
Болайын өзіңе тілекші
Әйгілі ғашықтар даңқы үшін


 

Сен келіп
аязбен өрнек сал
Мен сүйіп қалайын бұл қысты
Айнамнан қолыңды сермеп қал
Қар жауып тұрғандай сұр түсті




Сен келіп
сүюді үйретші
Жұп-жұмыр жүрегім тоңбасын
Ақылды сезімге билетші
Кеудемді махаббат торлысын

Бөлісу: