Докторлықтың жазылмаған тарихы

09.03.2022 4529

Докторлықтың жазылмаған тарихы
Эссе
Нұрхалық Абдырақын

Қырықтан асып қырма сақал болған шағында Ермат докторлық қорғап, туған еліне қуаныштан жарыла жаздап ұшақтан түсті, тамыр-таныстардың бәріне уатсаптан шүйінші хабарды жеткізіп, шаттықтан шалқыды, ертемен жұмысқа барып қытайдан қорғап келген докторлығын жуды, үлкен ресторанды жалдап алып, өзін тойына шақырғаның бәрін жинап, сарылып бір күн кеңірдектен өткеннің бәрін жұтты. Алды төрт аяқтап, арты тілі күрмеліп үйіне зорға кетті, соңында ақшасын төлей алмай докторлық дипломын кепілге қойып үйіне әзер жетті.
Бөгде елде төрт жыл жүріп қорғаған дипломын өз елінде өгейдің күйін кешіп үш жылдан асты Білім және ғылым минстрлігіне мойындата алмай жүр, (растай алмай жүргендер жалғыз бұл емес, Гүлжаз, Нұрманбай т.тт бір факультеттің өзінде толып жүр) білім және ғылым минстрлігінің сайытының тізімдігінде тұрған қағаздың бәрін жинағанда бір өгізге жүк болды. Минстірліктің почтасына салды, алты айда қайтып келді, сізде офастиль жоқ.
***
Қытай тілін білмесе де қытайтану кафедрасын басқарған қалың қабақты әйел бастық:«докторлық қорғамағаның келесі жылы табаныңды жалтырат» жиналыс сайын осы сөзді қайталайды зілденіп, одан кейінгі оның каридорда  өкшесін тарсылдатып кетіп бара жатқан аяқ дыбысы Ерматтың кеудесін жаншып бара жатқандай сезілетін. Жаны ауырып, жүрегі сыздады, бала-шаға бағу үшін бірдеңе істеу керек, «бұрынғылар дым оқымай-ақ қалай жанын баққан дейді» өз өзіне күбірлеп... әуелде такси болып жанбақсам деп ойлады, есіне жиені Ермектің такси болып жүргенде апақ-сапақта бір әйел қол тосады, айтқан мекен-жайына барғанда екі жігіт шығып, оны үйге кіргізіп байлап тастайды, екі тәулік байлауда отырғаны есіне түсіп, ол ойнан тез қайтты, енді не істеу керек, базарға барып сауда жасау керек, сауда жасағандар бір түрлі болады, сөзді дұрыс түсінбейді, шетінен ашулы деп одан да айныды, енді не істеу керек, үйден бала бақша ашсам, ол үшін жинайтын құжаттарды ойлағанда төбе құйқасы шымырлап кетті, қой сол докорлықтың жолын іздеу керек деп түйді соңында.
Өзімізде оқу үшін тамыр-таныс керек, көп ақшамен оқуға түсесің, бітіргенше тағы сол кір тірлік, ақша, білімсіз диплом алып шығасың, өзіңді алдау... шетелде оқу керек, бірдеңе үйренесің. 
Бес намазында Құдайдан тіледі, жұмысымды істеп, бала-шағамды асырап жүріп сырттай оқысам деп ойлады. 
Дұғаның ашпайтын есігі болмайды. Бір күні телефоны безілдеп қоя берді. 
-Саламатсыз. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Фариза апай екен. 
-Саламатсыз.
-Не жаңалық апай.
-Е, еш жаңалық жоқ, сол бұрынғыдай сабақ өтіп, бір күнді қайталап жүрміз, айтпақшы Қазақ-қытай колиджісі жартылай сырттай, жартылай күндізгі етіп қытайдың Ухан педагогигалық университетіне докторлыққа адам қабылдап жатыпты, мен құжат тапсырдым.
-Мынауыңыз күшті жаңалық екен.
Іздегені алдынан шықты, тездетіп құжаттарын өткізді. Күлімсіреген колидж директоры Талғат ағай жылы қабылдап, бұйырса бірге оқимыз, менде құжат тапсырдым деп ағынан жарылды. Талғат, Фариза, Ермат бәрі бұрынан таныс, қытай тілі олмпиядасы, тағы басқа іс шарада бас қосып, дастархандас болып жүретін. 
Екі айдан соң жауабы келді, оқуға құжаттары қабылданыпты, оқуға түсу үшін қытай тілі дәреже емтиханының ең жоғарысына тапсырып куәлігін өткізуі керек деп шарт қойды, атамыш емтиханға қатысып куәлігін алды. Әр кім өз үлгірімі, өз жағдайы бойынша төрт жылдың ішінде докторлығын қорғаса болды деп ескертті.
***
Ұшақта Ермат жаттай алмай жүреген Жартушыны ұлқтайтын Хашир сүресінің соңғы екі аятын қайта-қайта оқып келеді, Аллаға жақындаған сайын жүрегі жұмсарып, денесі балқыды. Уханға жаздық демалыста тынбай үш жыл келді, бірақ ол кезде ұшақтан түскенде қытайлар құдалары келгендей әуежайдан күтіп алды. Соған әбден иек сүйеп алған Ермат жолға бір ретте сәп салып қарамағанын енді білді. Ол кездегі келудің жөні мүлде басқа. Жаздық каниколда қытай тілі оқытушылары мен қытайға қызыға қарайтындарды еліне шақырады, бару-келу жол ақысынан басқаның бәрі қытайлардың мойнында, бес жұлдызды қонақ үйге жайғастырады. Шалқып-келіп, шалқып қайтатын. Тіпті, әр күні қытайда жүргені үшін уыстап ақша төлейтін. Солай әр жолы ең азы елу адам келетін, қытай тілі мен қытай мәдениетін үйрететін, қытайдың тарихи аймақтарын қыдыртатын, сол жолы бір қазақтың қызы елге еш кетпеймін мынадай жерден дегенде Ермат, Фариза, Талғаттар оны алдап-сулап отанға алып келген. Әр жолы үш апта жүріп кетерде қытай тілі мен мәдениеті бойынша сертификатын да алатын. Бұл жолы диссертациясын жазып бітіп, докторлығын қорғауға келе жатыр.  Жетекшісі Шын Юлин мен алғаш тіл инстиутының директоры Уаң Гочың профессор  кабинетінде танысып, тақырып таңдаған. Кейін кафеге барып тамақ ішуге ұсыныс еткенде, егер мені осылай тағы бір рет тамаққа шақырсаң саған жетекшілік етпеймін деп қатаң ескерткен. Содан бері Ермат ол кісіні еш мазаламады. Бір ретте бірге шай ішпеді, бір тиын да бермеді. 
Төрт сағат тоқтамай ұшқан темір қанат көгершін ақыры жерге қонды. Басқа әлем. Әр кім өзімен өзі харбалас, біреуге біреу қарап қоймайды. Жәутеңдеп аз тұрған Ермат жас шамасы өзіне қарайлас бір сары жігітке жайын айтып Ухан пед университетіне қалай барады деп сұрады. «Міне, мына автобусқа мініңіз менде мінейін деп тұрмын», бірге көлікке мінді, қолмен ешкім ақша ұстамайды, бәрі қолфонмен төлейді. Алматыдан дайындап  алған жүз юандық ақшаларын ешкім майдаламады. Жол ақысы бес юан. Жаңағы жігіт жол ақысын қолфонмен төлеп берді, қағаз ақшасын беріп еді, керегі жоқ деп кері қайтарды. Автобус жоғары қарқынды тас жолда тынбай екі сағаттай зулады. Сіз жолдың арғы бетіне өтіп, он жетінші автобусқа мініп тағы біраз жүресіз, одан кейін тағы бір автобус ауысасыз, солай жетесіз деп ескерті, оның жолды мүлде білмей өтірік бас изегенін сезген ол Ерматқа қолфоннан қытай жол іздеу картасын қосып берді де көңлі жай тауып қоштасты.
***
Универдің батыс терістік қақпасынан кірді. Жерде көкте мұнар, қай мезгіл болғаны да білінбейді, тар көшенің екі жағы толған саудагер, дүңгіршегін жайып алып бірдеңелерін сатып отыр, бір күлімси ис мұрын жарады. Өзіне таныс «ланжоу ниюрумиян халаль асханасы» деген жазу жылтылдап көзін қысады. Сақалы беліне аз жетпеген сопақ бет, ұзын бойлы қара дүңген шал таспиқ тартып  есік алдында отыр. 
-Ассалаумағалайкум рахматоллаки баракту.
-Уағалайкумассалам рахматоллаки баракату.
-Көрінбей кеттіңіз-ғой.
-Иа, елге кетіп енді еліп тұрмын.
Шағын тамақхана, ішкі бөлмеден орта бойлы қара торы жігіт шығып не жейсіз дегендей состиып аз тұрды.
-Тамақ тізімдігіне аз қараған Ермет ашщы бұрышы жоқ лағыман деп тапсырыс берді. Жігіт ішке еніп кетті. Қабырғадағы сағатты, астында тұрған намаз уақытын көріп, асыр уақыты болғанын білді.
-Асыр намазын оқып алсам. 
-Мына жаққа оқып алыңыз деп, қосалқы бір бөлмеге ертіп кірген шал жайнамазын қолына берді.
Тамақта дайын тұр екен. 
-Осы маңда қонақ үй барма. Сізге жақын жерден болса жақсы болар еді. 
-Бар, тамағыңды ішіп бол, сосын мен ертіп барайын деп, шал таспиғын жалғасты тарта берді.
Шал өзінің қонақтарын орналастыратын  қонақ үйге апарды. Жалғыз кісілік бөлмеге жайғасты. Он күндік ақшасын төледі.
Ермат тысқа көз салды, астында жаңағы өзі келген тар көше, кеш батып барды, қар жауардың алдындағы жылымық сәт, дала үнсіз тұнжырайды, тек тынымсыз тірлік кешкен адамдар абыр-сабыр тар көшеге сыймай жөңкіледі. Арбасын сүйреген кедей де, көлігіне сыймай сегнал бере шіренген бай да, орта құрсақ қара шаруда, шолақ етек ұсақ буржуазия зиялы қауым да, шегіртке сыйрақ студент те, шөп желке қыздар да бәр-бәрі осы көшеде бар, жүргіншілер еш тыншымайды. Биылғы қыстың алғашқы қары жауайын деп тұр-ау деп топшылады Ермат. Қала түнімен аппақ көрпге ораныпты, ағаштардың басынан тоқтаусыз тамшылар тамады, бұл жақтың елі өте ерте тұрады. Жолдарда ала шұбар қар жатыр, әп сәтте қалың көлікпен былшылдақ күйге еніп көшелерден айғыздала су ақты.
Ертемен Ермат Алла деп, есіктен шығып жетекшісі Шын профессорге барды. 
Аз сөзді қоңқақ тану, ақсұр жүзді жетпістің желкесіндегі ғалым жұмысын қашықтан бірнеше рет тексерген, осы жолы өзі кел деп шақырған болатын, сосын да Ермет жұмыстан сұранып, орнына сабақ өткендерге ақшасын төлеп келген беті осы. 
Соңғы нұсқаңды тастада, менің жауабымды күт деп, қысқа қайырып шығарып салды. Бекер жатпай тақырыбың бойынша екі мақала жаз. Тапсырма сол деді есіктен шығарда.
Екі күн өтті, қалың қызыл сызыққа толған жұмысты кері қайтарып Шын профессор бұл жолы қорғауға шыға алмай қалар ма екенсіз деп қорқытты, көп жерін түзеу керек.
Жоқ, мен қайткенде де түзеп, осы жолы қорғап кетуім керек деп, өзіне қатаң талап қойған Ермат намазын сондай ыждағатпен оқып, бар ынтасымен жұмысына кірісті, күніне екі сағат ұйқтап, әр намаздан соң, «Иа, Раббым мені аз ұйқтатып, көп күш бер, осы жолы қорғап кетуімді нәсіп ет, бұл дүниені маған қиыншылық етпе деп» дұға жасаумен болды. 21 күнде жұмысын үш рет түзетіп, соңғы нұсқасын жетекшісіне өткізді. Жетекшісінің өзі таң қалды, енді Уаңға өзің айт, бізде негізі қорғау желтоқсанда және маусымда болады, қазір қараша, демек сәл ерте болып тұр. Сен тез барып Уаң профессорға сөйлес, ол кісі мақұл десе, маған айт. 
Ермат есіктен шыға Уханда алғаш рет тақ төбесінде жарқыраған күнді көрді, күн жұма, жұма намазына барамын ба, әлде Уаң профессорға бармын ба деп, екі ойдың ортасында қалды, мен жұмадан келгенше ол кетіп қалады-ау, бүгіннің өзі бұлар үшін жарты күндік жұмыс, ертең сенбі мүлде жұмыс істемейді. Не істеуім керек, сапарда жүргенде жұма намаз парыз емес, Уаңға барайын деп, зорлана бір екі қадам басты, тағы ойға батты, сапар болғанда он бес күннен артық тұрғанда сапар үкімі жойылады да, жұма парыз болады. Келесі жұма басқа жұма, дәл осы жұма еш қайта айналып келмейді. Уаңға барудың уағы өтіп кетпейді. Онда қаза болу деген жоқ. Дүйсенбі барсам да болады. Дүние ісі мен ақырет ісі қатар келгенде ақырет ісін таңда деген үн құлағына келді. Иа, Алла Өзіңе тәуекел еттім деп, тездете басып, дүңген шалға келіп, алдағы апталарда жұмаға барғанындай оның сүліктей қара машинасына мініп жұмаға тартты. Ішінен тоқтаусыз пайғамбарымызға салауат айтып келеді, кім маған жұма күні салауат айтса өзім сәлемін аламын деген хадис бойынша тоқтаусыз салауат айтып отырды, жолдан әр жерде ақ тақиялы дүңгендерді көрді, солардың үшеуі үш жерден шалдың көлігіне мінді. Алдында Ермат таспиғын тартқан күйі салауатын тоқтатпай келеді. Бұрынғы аптада барып жүрген жақын жердегі кішкене мешітке емес, алыстағы үлкен мешітке бірақ тартты, бір жарымға үлгіріп екі сағатқа таяу жүріп мешттің алдына келіп тоқтады, топырлаған көп адам, бірінші қабатта орын болмай бұлар екінші қабатқа шықты, ондада адам иық тіресіп отыр, дені дүңгендер және қытайға ұқсайтын жамағат, ара тұра қара жігіттер мен араптар тағы басқа жирен сақал, қоңқақ мұрын мұсылмандарда үнсіз мүлгіп отыр, қытай әкцентінде азан үні әуелеп бүкіл Уханға сіңіп жатты, ашырқанған қара халық өздері де білмейді сондай бір рухани ауаны құшырлана жұтты, терезелерін ашып қойып жандары рахаттанды, бірақ олар оны еш білмейді, туыла сала оларды әке-шешелері Құдайсыз еткен. Такбр алып сілтідей тынған жамағат сүнет оқыды, артынша жұманың парызын өтеді. Намаздан соң Ермат көп дұға жасады. Дүңген шал, сіздің асығыс жұмысыңыз болмаса бізбен бірге қонаққа жүріңіз, асықсаңыз кете беріңіз, бізді бүгін бір досымыз қонаққа шақырған, соған қазір қонаққа барамыз деп сойған түлкі сияқты ыржия қарады. Бізде сондай салт бар, жұмадан кейін бас қосып тамақ ішіп тұрамыз. Екі сағаттай жол жүріп жеттік, жол тауып кету маған оңай болмас, адасып кететін шығармын, сіздермен бірге жүре берейін деп, Ермат үнсіз келісті. Мешіттің имамы бастаған қалың дүңген үлкен асханада бас қосты, желініп болмастан, үсті үстіне тамақ келе берді, келе берді. Бәрінің үстіне ашщы қызыл бұрышты аямай сепкен. Жесе ауыз ашиды... 
Ермат ащы бұрышты көргенде жолда болған ғажайып істерін еске алды. Қалың дүңген өздерінше шуылдай әңгіме айтып отыр, Ерметтың тек суреті ғана осында....
Ерматтың қытайға осы жолы келудегі негізгі жұмысы докторлық қорғау болсада, Іленің Мұңғұлкүре ауданындағы қайтыс болған туысының қырқына қатысып, көңіл айтыуды жоспарлап, түнгі сағат үште таксимен әкпесі, қарындасы, інісі төртеуі бірге шыққан. 2016 жылың қазан айы, күзгі суыққа түнгі суық қосылып өңштен өтеді, жүргізуші шалдау кісі бір қалыпты жүгізіп, сан тақырыпта қазақы әңгіме айтып қорғас бекетіне таңғы сегіз жарымда әкеліп тастады. Қытай кеденшілері Ерматты бөлек бөлмеге апарды. 
-Қолфоныңызды беріңіз.
-Мен қолфон ұстамаймын. 
-Мына заманда қолфонсыз адам болама. 
-Көріп тұрсыз-ғой.
Сенбей бетіне бажырайя қараған қара қытай жігіті, бар затын түгелімен ақтарып шынымен қолфоны жоғына сенді, ноутбугін бір шұқып, бұрынғы өшіріп тастаған суреттерінің бәрін тауып быраз үңілді, жайнамазы мен таспиғын, тақиясын көріп намаз оқисың ба деп дүңк етті. Иа, деп Ерматта нық жауап берді. Қытайдың екі бума қызыл ақшасын көрді. 
-Бұл не ақша.
- Оқу ақысы, мен Ухан пед университетінде докторлық оқимын, соңғы жылы, қорғауға кетіп бармын. 
-Бұл жақта неғып жүрсіз? 
-Қайтыс болған туысыма көңіл айтып, сосын Уханға ұшамын деп бар шындығын айтты. 
-Неге маған сонша қадалдыңдар.
-Бұл біздің жұмыс.
Кеденнен өткенде түстен кейінгі үшті көрсетті, күн қиғаштай қарайды. Ентелеген қалың адам етектеріне жармасып, бірі тәкси десе, бірі ақша айырбастап ал деп, қолқа сала іші-бауырына кіреді. Әлде қашан шакарадан өткен туыстары Ерматты тағатсыздана күтіп тұр екен, олар ауылдағы жай қара халық болған соң ба,оларды еш тексермепті... Таксиге мініп, екі шақырым жүріп дүңген асханаға тамаққа тоқтады. Дүңгендердің тұшпарасы сондай дәмді болады. Жарыса екі кесені таусып, кесенің түбін сан түрлі дәмдендіргішімен аспандата көтерді. Таксиге отыра сала екінті намазын оқыды. Аз жүрген соң-ақ Ерматтың тамағы жыбырлап, аздап жөтелді, артынша жөтел жиілеп, демі қысыла бастады. Жүргізуші дүңген жігіті Ерматтың қарайып тотықан түріне қарап, демі қысыла бастағанын байқап, тездетіп жедел жәрдемге қоңырау шалды. Алайда Құлжамен Қорғастың арасындағы жоғары қарқынды тас жолда келе жатқан бұлардың қоңырауын ешкім көтермеді. Ерматтың тынысы үзіліп барады, Құлжаға жеткенше шыдамас деген дүңген жігіті үлкен тас жолдан шығып, топырақ соқпақпен бұрқылдата темір тұлпарын еш аямастан ойлы-шұңқырда жөңкілте құйғытты, адамдық, мұсылмандық жанашырлығы биік шыңға шықты, сол маңдағы жақын жердегі елді мекеннің емдеу бөлімшесіне жеткізді. Көзі алайып сыртына теуіп, басы кішірейіп, денесі қаңбақтай болған Ермат сырылдап құр сүлдері жетті.
Өзімнің үйіме тіркеймін, тез емдеуді бастаңдар, адам өмірін құтқарыңдар деп, жүргізуші жігіттің айғайымен Ерматтың жуан тамырына аспалы укол ілінді, қисайтып керуетке жатқызғанда Ерматтың демі үзіліп кетердей болды, тік отырды. Әкпесі, інісі қарындасы тілеуін тілеп безілдеп отыр, көз жастарын сығымдайды... Тіршілік жалғауға себепкер тамшылар ойлана баяу тамады... Ерматқа аздап дем жүрді, ақырын-ақырын тынысы кеңіп, жаны орнына келді. Жалғасты тағы екі құмыра шипа су құйды. Ермат жазылды. Доқтырдың дигнозы, сізде ашщы-тұшты дәмдендіргіштен әлергия бар, бұдан былай өмір бойы  ондайға жоламаңыз деп ескертті. Жеті адамдық таксиде отырған басқа жолаушыларды жүргізуші ақшасын төлеп, Құлжаға салып жіберіпті. Қас қариғанда орындарынан қозғалды. Тілге келген Ермат жүргізушіге алғысын жаудырып, Алла разы болсын сізден деп қайта-қайта ризашылығын білдіріп, ақша мен өлшенбейтін азаматығына сүйінді.
Жас шамасы да өзімен қарайлас жігітпен қол алысып достасты. 
Менің де әйелім әлергиямен ауырады, ол осындай дәрілерді ішеді деп Құлжаға кіре сала тыныс алуға көмектесетін кішкене апарат және бірнеше түрлі дәрі алып берді.
***
Сағат тілі кешкі бесте Университетке келген Ермат, бүгін жұма Уаң профессор жұмыстан үйіне әлде қашан кетіп қалды, Аллаға тәуекел деп қоңырау шалды, ілезде жіңішке дауысты Уаң профессордың үні естілді, аман сәлемнен соң өзін таныстырып, енді бастап жағдайын айта бастағаны сол. 
-Иа, мен сізді білемін, егер жетекшіңіз жұмысыңыз жарамды, қорғауға болады десе, біз осы жексенбі сізді қорғатайық деп, бірден Ерматтың алдына түсіп жорғалады. 
-Рақмет сізге, Иа, жетекшім сізге айтыңыз, жұмысың жарамды деді.
Уаң бастықты Бір Үлкен Күш оның төбесінен ұрып тұрғандай. 
-Онда жақсы, осы жексенбі біз қорағау комиссиясын ұйымдастырып, сізді қорғатайық деп, одан сайын  безілдеді.
Үһ деп, кең тыныстаған Ермат Алла Тағала «мен үшін кәпір қытайды қызмет етіріп қойды» деп, дереу жатағына кіре шүкір сәждесін жасады. Бір сағаттан кейін хатшы қыз қоңырау шалды, сіз ертең түстен кейін қорғайтын болдыңыз, жексенбі адамдар толық болмайды екен. Оған дейін жұмысыңызды антиплагияттан өткізіп, қағаздық нұсқадан он дана шығарып ала келіңіз,  диплом үшін фотоға түсуді де ұмытпаңыз деп ескертті. Айға жуық кеудесінде жастық қойып, компютордың алдында сәл ғана мызғап талай таңды атырған Ермат сол түн балқаймақ ұйқыға батты-ай келіп. 
Азанмен жұмысын антиплагияттан өткізген Ермат, жұмысын шығаруға тастады, екі сағатта дайын болады деген соң, хатшы қызға жағдайын айтып, қорғауға келетін ғалымдарға қандай сыйылық алсам деп сұрады, ол өзінің бір танысының нөмерін берді, сонымен ақылдас, ол кісіге мен жіберді деп айт, осындай істер үшін арнаулы мәдени сыйлықтар сатады. Жеті кісіге ұлттық мәдени түсі басым сыйлық және хатшы қызға әдемі бір шарпы алды. Солай қоржындарын арқалап тіл институтына келді, қоғаудың алдындағы дайындыққа бел шеше кірісті. Ермат оқу ақысына төлеуге алып барған екі будақ ақшасы әлі сумкасының ішінде жүр, құжаттарын копя жасап асығып жүргенде талай рет аузы ашық қалып ақшаның құлағы көрініп қалағанын көріп жүрді. Ақшаның ғылымның жанында құнсыз, көк тиынға татымайтынын жақсы білген білім ордасында сапырлысып жүрген жандардың ешқайсысы көз қырын да салмады. Сағат екіге жақындады, қорғау комиссиясын күтті, қара сұр төртпақ, аққуба ұзын бойлы,  шидей арық, бота тірсек,  шүңірек көз, сопақ бет, боз бас қытай ғалымдары дамбырлай астыңғы қабаттан көтеріліп келе жатқанда Ерматтың жүрегі аттай тулады. Жаңа түскен келіндей алдарынан шыға амандасты. Ғалымдар ішке еніп жайғасып болған соң Ермат хатшы қыздың шақыруымен  ішке кірді, қаздай тізілген ғалымдар айқасып отыр, бас-аяғы он бір адам, Уаң профессор басқаларға Ерматты таныстырып, сөз кезегін берді, үш жыл жазған жұмысын сарнады-ай келіп, 20 минут сөйлеген кезде, тоқтаңыз деп сұрақты жаңбырша төкті, қағазға түртіп зорға үлгірді. Жаң, Хы текті ғалымдар бастап, жалпы жеті адам 21 сұрақ қойды, тоқтамай жауап берген Ерматқа ғалымдар шетінен бастарын изей бастады. Бастарын изеген сайын Ерматтың арқасы қоза одан сайын аузын көпіршіте жауабын толықтай түсті. Шыға тұрыңыз деп, хатшы қыз сыпайы ескертті. Әудем уақыттан соң қыз қайта шақырды. Кірісіне Уаң бастық сізді сәтті қорғауыңызбен құттықтаймыз деді. Аудитория шапалақ үніне ұласты. Сыйқтарын алдарына хатшы қыз ақырын таратып шықты. 
Сыйлық жетпегенде өзіне алғанды Хы текті ғалымға берген жетекшісі Шын профессор бейне бір Ерматтың әкесіндей қолын қайта-қайта қыса ризашылығын білдіріп, сондай бір қуанды. Жүзінде бір толқу бар. Хатшы қыздың жеті адамға сыйылық алсаңыз жетеді дегені бойынша алған сыйлықтары жетпей қалып, өзіне алған екі қымбат қаламсапты да екі кісіге беріп жіберді. Дастархан басына жүріңіздер, сіздерге жуып берейін деп, Ермат шын көңілмен өтініш жасады, біз сізден сыйылық алдық, енді дастарханға барғанымыз артық болады деп, Хы текті ғалым басқаларға қарап қостау тіледі,  дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз, басқада шаруаларымыз бар деп, барлығы сау етіп аудиториядан сыртқа шығып тарай жөнелді. Намаз оқитын, арақ-шараптан мүлде алыс, хал-харам деп тамақты талдап жейтін Ерматты Алла Тағала өзі құтқарды. Егер дастарханға отырғанда олардың салты бойынша дарстархан иесі бірінші кезекте тосыт көтеріп, тілегін білдіріп, ғалымдарға рақмет айтуы керек еді, соны ойлағанда Ерматтың төбесі шымырлап Алладан шын тілген дұғасының қабыл болғанын сезді. Барлық шаруасын сол күні жұма намазына баруымен Алла Тағала шешіп берді. Егер сол кезде жұмаға бармай, Уаң бастыққа барғанда, не болар еді, тіпті жетекшісі айтқандай, қорғауы кейінге қалар ма еді, Алла қаламаса ештеңе болмайды, сенің асығып жүрген шаруаңды Алла реттейді. 
Осы жолы сапарға шығарда жүзі нұрлы Пайғамбар ұрпағы Самридін ұстазға арнаулы барып, батасын алған, әке-шеше ризалығымен үлкен үйден дәм ауыз тиіп жолға шыққан. Алланың қалауымен жолы болды. 
***
Көп ақша төлеп, жат жерде қиналып, жол азабын тартып жүріп алған дипломын өз елінде растай алмай жүргеніне үшінші жыл болды, неше рет сол докторлығыңа рақмет деп, базарға саудаға кетуге оқталып, оқталып, тоқтаған. Астанадан бірінші жолы дисертацияның 40 мың сөзден тұратын қазақша түсіндірмесі жоқ десе, екінші жолы антипагияттың оргиналы жоқ деп,қайтарған. Оның бәрін түгендеп еді, бұл жолы офастиль жоқ деп үшінші рет құжаттарын астана кері қайтарды. Соларды неге бір жолда айта салмайды екен деп күмбірледі Ермат. Әр жолы барғанда ең кемі 6 ай жуан құрсақ, кішкене бас шеневниктердің суырмасында жатады. Қайта-қайта қоңырау соғып мазалаған кезде барып, көзін ұқалап ұйқысынан оянғандай, тоқтай тұрыңыз деп жарты сағат ежіктеп жүріп жауап береді. Артынан екі айдан соң хат келеді. Бөгде елде оқып, докторлық қорғағаннан өз еліңде оны растату алатауды қозғағаннан неше есе қиын, шенвниктердің аспанға қарап, аяғының астына қарамайтын салақтығы шаршатып жүйкеңді тоздырады.Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ деген осы-ау.
Тиянжин Нанкай университетінен докторлық қорғаған Гүлжаз дипломдарын көтеріп өзі істейтін университеттің ректорының алдына апарып еңіреп қорғағаны дәлелдей алмай тұмсығы тасқа тиіп, жұмысты тастап кетті. Жапониядан медцина саласы бойынша докторлық қорғаған Уақап деген қазақтың талантына тәнітті болған Жапондарға қарамай зерттеу жұмысын тастап, бірнеше пәтентімен  егемен қазақ еліне бір жола көшіп келген ғалым да докторлық дипломын растай алмай ақыры жылқы бағып кетіпті. Қазақтың талантты адамдарын бағалай білген алып империялар бірден жақсы жұмыс, жоғары жалақымен алып кетеді. Біздер...
Ерматтың жинаған 41 түрлі қағазы Алматы, Универсиеті әкмшілік басқармасы, кафедра, факултет, білім-ғылымды сараптау басқармасы, сан түрлі нотурис, қазақстандағы қытай консуль, қытай Ухан пед университеті, Ухан қаласы білім басқармасы, Ухан қалалық құжаттарды растау комитеті, Бейжің білім минстірлігі, қытайдағы қазақ консуль сынды қалың есікті қағып жүріп, әр қайсысын қоян аңдыған диқанның күйін кешіп, жәудреп, мүшәпір кейіпте қол қойдырған. Толтрған бланкіларының өзі қатты қағазды, жұмсақ қағазды, жұқа қағазды, ағылшын, орыс, қытай, ең соңында қазақ тілді болып бөлінді. Бастыққа кірудің алдындағы есік күзетшілерінің құқайы, ішке кіргенде хатшы қыздардың долы мінезі, шарқыш апайлардың шаңқылы, ертең кел деп, есігін тарыс жапқан шолақ бастықтар. Ең қиыны Италия және Австралиядағы атақты Scopus базасындағы халықаралық журналға зерттеу тақырыбы бойынша екі мақала шығару барысы өз алдына үлкен бір әңгіме, ел іші мен шетелдік ғылыми журналдарға шығарған мақалалары, халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасауы тіл жетпес тілісім жұмыстар міне осылардың бәр бәрі Ерматты әбден пісірді. Қазір соны ойласа төбе құйқасы шымырлап кетеді. Жастық пен істеген екем-ау дейді өзіне өзі тамсанып. 2016 жылдың 22 қазанында қорғаған дипломын 2019 жылың 28 науырызы зорға расталды. Жақсының шарапаты, Алла қаламаса ештеңе болмайды. Расында әр ісінде Алла Тағала Ерматқа көп рет көмекші жіберді. Қытайдың Ухан қалалық білім басқармасы мен құжаттарды растау комитетіне баратын кезде қазақ-қытай колиджісінен Нұрлан деген жігіт оқушыларын ертіп Уханға төрт айға кетіп бара жатқанын естіген Ермат ол жігіттке жолықты. Жағдайын айтты, өзім бара салғанда бір жетіде бітетін жұмыс емес, оның үстіне жұмыстан сұрану да қиын болып тұр, тағы бір ең негізгі себебі қытай қазір қазақтарды қатты тексеріп, қалың сұрақтың астына алып, тіпті болымсыз бір сылтау табыслса қамап тастуда деп өз шындығын айтты. Нұрланда бірден келісті. Нотуриспен Нұрланның атына сенім хат жаздырды. Енді сол сенім хатты қазақстанның сыртқы істер минстрлігі растап бекітуіне өткізді, сыртқы істер минстірлі бір жетіден соң құжатты алуға барғанда, саған нотурис берген кісінің он жылдың алдындағы қолы мен қазіргі қолы мүлде ұқсамайды деп, кері қайтарды. Нотуистегі әйел өзгерген қолы үшін түсініктеме жазып, оны растап қайта нотурис жасап берді, соны апарып сыртқы істер минстрліге тағы өткізіп, екі апта жүріп сенім хатын алып, оны қытай тіліне аударып, нотурис жасатып, қытай консульна апарды. Қытайдың консуль оны он күнде растап бекітті. Солай бір сенім хаттың өзіне бір айға жуық жүріп бітірді. Сыртқы істер минстрлігі мен консулдың растауы аз болмаған ақшасын алды. Ең оңай жұмыс ақша төлеудің өзі ұзақ әңгіме. Қазақстанның сыртқы істер минстрлігінің ақшасын орыстың Сбер банкіне ғана төлеу шарт екен, ол банк қаладан көп табыла бермейді, іздеп зорға тапты, барып таусылмас кезекке тұрды. Ал қытай консульның ақшасын қаланың батысындағы тек қытайдың өз өнер-кәсіп банкіне төлеп, содан кейін ол чекті қытай консулына өткізді. Басқа ресми құжаттар туралы сіз сұрамаңыз мен айтпайын дейді Ермат өзіне өзі күмбірлеп. Қытайға әлде қашан кетіп қалған Нұрланға енді бұл сенім хатты кімнен беріп жіберем деп тұрғанда өзімен бірге істейтін Нәкен ағай қытайдың Ухан қаласына кетіп бара жатты, сенім хатты сол кісінің қолына ұстатты. Осының алдында Ухан пед университетінен  төрт жылдық оқу нәтижелерінің түп нұсқасын алдыру керек болғанда осыдан бір ай бұрын Нәкен ағай он күнге Ухан университетіне лекция оқуға барып қайтарда әкеліп берген еді. Осы жолы халқаралық қытайтанушылар конференциясына кетіп бара жатыр екен.Құдды осы Ермат үшін барып келіп жатқандай.
Нұрлан Уханнан офастиль бітіріп шілде айында әкеліп қолына тапсырды. Қуана Астанаға 
 тағы жіберді, олар қытай білім минстірлігі мен Бейжіңдегі қазақ консуль растауы керек деп әңгімені тіпті арыға бірақ созды. Құдды ертектегі сұлу әйелі бар қойшыны қатын құмар патшаның барса келмеске жұмсағаны сияқы болды. Енді қалай барамын, қытайдың солақай саяси дауылы ұйтқып тұр, бара салғанда біте қалаты шаруа емес деп мазасы қашты, өстіп жүргенде бірге істейтін Ершат деген оқытушы ғылыми тағылмдама бойынша Бейжіңге екі айға баратын бола қалды. Бар құжатының түпнұсқаларын толығымен оның қолына ұстатты, тура алдыңы Нұрланға жасағандай сенім хатты бір айға жеткізбей жасатты. Ершаттың әлі Бейжіңде 40 күндей уақты бар, тездетіп енді оның қолына жеткізу керек, тамыр-таныстардан сұрастырды, жақын арада Бейжіңге кетіп бара жатқан адам жоқ. Почтамен кешігіп барады. Тұрақты мекен-жайы жоқ Ершатқа тимей қалуы да мүмкін, амалы аусылған Ермат Аллаға тәуекел деп, кештетіп Алматы әуежайына барды. Бейжіңге ұшатын рейсті күтіп отырған жолаушыларды алдымен көзден өткізді, көбі қытай бірнешеуіне жақындап, айтып көрді, қолын бірақ сілтеп көнбеді, тағы берулері біз Бейжіңнен ары кетеміз деп жолатпады. Әуежайда жұмыс істейтін қазақ жігіттке барып, бір жолаушыға мына екі парақ қағазды Бейжіңге беріп жіберсеңіз қалай деп еді, ақшасын көбірек төлесең болады деп қолын жылпылдатты бейшара. Ермат енді жұрттан бөлек тұрған екі жігітке жақындады, бірі қытай, бірі қазақ екен, Ермат жағдайын айтып екі парақ қағазды ала кетсеңіздер Ершат деген мұғалім Бейжің әуежайында күтіп алады деп жалпақтады, сөзінің соңы бітпестен қытай жігіті «жақсы, ала кетемін» деп қолын созды. Қағазды қолына берді. Күтіп алатын адамның телефонын жаздыңыз ба, деп сұрады. Дереу Ершаттың номерін жазып қолына берді, ол сенім хаттың арасына салып алды. Ақша берейін деп еді, ақша керек емес, бұған ақша керек па деп,таңдана жанындағы жігітке қарады. Жол болсын айтып Ермат кетті. Екі күн өткенде қолфоны шырылдап қоя берді, әлгі қытай жігіті Бейжіңнен хабарласып тұр, бердім Ершатқа дейді. Рақмет, рақмет деп Ермат сондай бір қуанды. Аздан кейін қолфонына Ершатқа құжатты беріп тұраған фотасы келіп түсті. Ершатқа қоңырау шалғанда ол жергілікті әкценттегі қытайдың тілін толық түсінбей біраз қиналыпты, сонымен қытайша жазысыпты. Оның жол тауып келе алмайтыны білген қытай жігіті Ершат тұрған жерге өзі әкеліп беріпті. Мүлде танымайтын бір қытайдың кісілігі. Алла қалағанда істер осылай шешіліп, бөтен елдер осылай зыр жүгіреді екен.  
Ершат осы жұмысқа барын салып, шындап кірісіпті.Соның құрметіне Жаратушы оныда жарылқап тірліктерін оңайластырғанын іші сезіпті. Ершатқа таныс болып қалған қытайдың доктрант жігіті Бейжің білім минстрлігіндегі шаруаны жүгіріп жүріп шешіп беріпті, Ершат қарны аш байқұсты тойдырып,жолына ақшасын аямай беріпті, Ерматтың кісі ақысын жемейтінін білген Ершат еш қорықпастан керек жеріне ақшасын аямай жұмсапты. Қазақ консульндағы шаруа Ершатты қатты қинапты, бірталай рет барыпты. Ершат екінші рет барғанда сіз бізге ешқандай құжат өткізбегенсіз деп төбесіне жәй түскендей сілейтіпті, қанша айтсада көнбепті. Амалы таусылған Ершат өзімен кезінде бірге оқыған Шаңхайда консульдықта істейтін гурппаласына қоңырау шалып, ол жігіт Бейжіңдегі жігіттерге айтып, Ерматтың құжаттарын тапқызыпты. Солай Ершат 40 күнде зорға бітіріпті. Міне хикмет. Алланың қалауы. Шүкір Алла деп, Ермат бар құжатты Астанға жіберді. Ермат дайын тұрған дипломды алуға Астанаға барамын деп тұрғанда. Алла Тағала оған тағы көмекші берді, араб тілінен сабақ беретін бір факультетте істейтін Гүлнұр апай Астанаға бара жатыпты. Өтінішін жеткізді, бірақ ол кісі мен мінстрлікке барып дипломды ала алмаймын,бір университке ғылыми сарапшы болып кетіп бара жатырмын, бір адам қолыма әкеліп берсе ала келейін дейді, Ермат Астанадағы Садық  досына қоңырау шалды, оның атына сенім хат жаздырып, Гүлнұр апайдан Астанаға беріп жіберді. Садық докторлық дипломды алып Гүлнұр апайдың қолына әкеліп берді. Ермат бірге істеген ұжымына дастархан жайуды жоспарлаған сол күні диплом қорғаған өз магистранттары үлкен дастархан жайыпты. Солай сол дастарханға қосылып докторлық дипломын кафедраға екінші рет жуды. Барлық ісін Алла тағала Өзі реттеп берді. Бір рет емес, көп рет шаруасы осылай Алланың қалауымен шешілді. Мүминнің ісін Алла оңғарады деген осы. Жұма таңы қандай нұрлы....  

Бөлісу: