Елес қыз

24.03.2022 6696

Қамажай желмен билеп жүз,
Жапырақ ұшқан күрен күз.
Сарғайған бақша жирен түз.
Сізді біз күтпегенбіз!

 

Қайыңдар қалған көйлексіз,
Терекке болды керексіз.
Қарағай неге себепсіз -
Араласпай тұр көмексіз?

 

Тізбегін көкке тізген құс,
Қалдырмай жерге мүлдем із,
Жаңғырып жерге әннен сыз,
Мұңайтты жанды еріксіз.

 

Жаз кетті болып елес қыз,
Танысып та үлгермеппіз.
Мұндай боларын білмеппіз.
Оралып қашан келмексіз?

 

Кабанбаев Е
24.03.2022

Бөлісу: