Жанымның жарығы
Құс қайыру
күй
«Құс қайтару» күй.
Қазанғап.
«... күн күркіреп жаңбыр төкті,
Сол бір күндер қайда кетті?!.»
Бір сынды, гүл майысып,
Бұтаққа күз қонғанда...
Біз енді... құшақ жайысып ...
Кездеспейміз бұл, жалғанда.
Өткен күн сағымдай,
Таппайды жаның жай.
Жоғың күткен – барыңдай,
Барың кеткен – жоғыңдай.
Еселеп алтын түс жайылды,
Аспанды бұлттар торлайды.
Күз келіп – құс қайырды,
Жапырақтар сарғайды...
Өткеннің көз жасы –
Жаңбыр тамғанда?!.
Қинайды жоқтың кінәсі,
Қоштасу артта қалғанда...
Жаратқан!
Мына өмір – жалған.
Мың күнгі жұмақтан,
Артық, бір күнгі таң!
Жанымның жарығы
Қос кекілді,
Бұлттар мен толқын қарашы!..
Жоқ секілді,
Аспан мен жердің арасы!
Теңізге қара көкпіңбек,
Жаны, көктем боп барады.
Аспанға тұрар кеткің кеп...
Теңізден басып, жоғары.
Теңізге жырды жазатын,
Көктемнің көк түс сиясы?!
Қиялап барып қонатын,
Теңізде Күннің ұясы!
Туатын жыр қандай?!.
Қосылған теңіз, жер-көк,
Тұрғандай,
Дүниені тербеп!
Ырғай да ырғай, ырғай жыр,
Жаныма түскен қос құрақ!
Маңдайға тіптен сыймай тұр,
Маңайға біткен осы бақ!..
Бөлісу: