Тәтті өмір

14.11.2023 3363

ТӘТТІ ӨМІР

Шым шытырман болса да,

Көңілге кірбің толса да.

Дариға өмір тәтті ғой

Қайтесің күйіп соншама.

 

Іркіліп ісің жараспай,

Ай-Күнің қалса қараспай.

Сонда да өмір тәтті ғой

Қайтесің қалсаң таң аспай.

 

Жарығы бөлек мекеннің,

Қаншаға қайғы, екен мұң.

Өмірдің дәмі шіркін-ау

Балындай тәтті шекердің.

 

Өткендер қанша арманда,

Айырылып атақ, ардан да.

Тәтті өмір үшін күресіп

Басынан бақыт тайғанда.

 

Сан ауру меңдеп жаныңды,

Түсіріп еске барыңды.

Қайткенмен өмір тәтті ғой

Жандырған бір сәт бағыңды.

 

Күннің де көзін көре алмай,

Жанарың сәуле бере алмай.

Жатсаңда өмір тәтті ғой

Неліктен екен, ей Алла-ай.

 

Аяғың болмай сермеуге,

Қолыңда келмей емдеуге.

Әйтсе де тәтті ауаны

Жұтпаған кеуде шерменде.

 

Қолыңнан ұстар бала жоқ,

Тұруға дәрмен, шама жоқ.

Бар болғанға не жетсін

Өмірді сүйген ана боп.

Өмірден артық не бар?!

10.02.2023ж.

Бөлісу: