Көкбөрілер
17.08.2017
5437
Білер ме екен иламен өтіп жатқан бір күні,
Пиғылы жат өзге жұрт, бөрі текті түркіні.
Шатынатып ат мініп, иығына түнді артып,
Ай астында бүлкектеп айқаспайтын кірпігі.
Шілде аптабы қайнатсын, мейлі, өртесін жотасын,
Сұмдық пенен қулықтың шаңы алмаған шашасын.
Көкбөрілер ешқашан жолға тастап кетпеген,
Қайсарлықтан құн алған ата-баба батасын.
Алма жүзін нұр шашқан, мейлі, аяз қарысын,
Көкжал қызы түркінің сақтайды өр намысын.
Қиындықта шелектеп төбесінен ніл құйсын,
Шындық үшін жан алып, жан қияды ары үшін.
Бөлісу: