Анам келді

29.08.2017 5155

Анам келді
Бүгін менің үйіме
Сүрісі мен құртын ап, 
туып өскен мекеннен
Қуаныш толды 
менің мынау жүзіме
Ақ мамамның келгендігін
бәріңе паш етем мен.

Анам келді

Етегінен жайлаудың 

Мейірімін ақ жүзінен төгілтіп.
Басып өтіп Баян-Өлгей аймағын
Анам келді, 
Сағынышымды сейілтіп.
Анам келді
Бұлғын сынды сұмынан
Асқар тауым әкешімнің 
Ақ сәлемін арқалап
Үй иесі болсамдағы
Өзім әйел алсамдағы
Еркеледім анашыма баладай
Анам келді
Сенде келіп
дәм татып кет, жақсылар
Анашымның құрметіне жайылған 
дастарқаннан даладай.

Бөлісу: