Бүгінгі латын әліпбиінің шырғалаң ұсынысы

11.09.2017 8119

 

 

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткені баршамызға белгілі.

 

Бүгін, 2017 жылдың 11 қыркүйегінде ҚР #Парламент Мәжілісінде ұсынылған #Латын әліпбиі - түсініксіз, шұбалаңқы әрі ақылға қонымсыз. Ә әрпін – ае, Ү – ue, Ө – ое, Ғ – gh, Ж – zh, Ч – ch, Ш – sh түрінде беріп, ..қолданылуы қиындық тудырмайды. Ноқаты бар, құйрығы бар әріптер негізсіз, одан бас тарттық - дейді баяндама жасаушылар... (??)

 

Басқа нұсқа енгізу керек. Бірнеше нұсқаны балама түрінде ұсыну қажет деп ойлаймын. Мысалы, көптеген еуропалық елдерде, оның ішінде немістер немесе түріктер т.б. халықтар құйрықты, ноқатты әріптерді қолданып көштен қалмай-ақ, жан-жақты дамуда. Мәселе тек қана клавиатурадағы 26 әріпті қолдану қажет деп қатып қалған нәрсе - жоқ. Дәл қазір қолданып жүрген кирил әліпбиінде бейнеленген клавиатурамыздың жоғары цифр тұратын түймешелерінде де, 26 латын әріптерден басқа ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө әріптеріміз орналасқан жоқ па?! Cол сияқты бұл әріптер де сол түймешелерге басқаша, диграфсыз орналастыруға болады.

 

Ана тілім үшін жаным ашиды. Латыншаға көшкен дұрыс, тек мың ойланып, толғанып, шетелдік тәжірибеге сүйеніп немесе Түркі халықтарына ортақ таңбаларды ескеріп, енгізгеніміз дұрыс! Түркі халықтарына ұқсас ортақ әліпби енгізсек, оның несі кереғар?! Сол кезде бауырлас халықтар бір-бірін жақсы, түсінікті әрі оңайырақ түрлі салаларда жақындасып алға ілгерушілік пайда болады...

Бөлісу: