СЫН САРДАРЫ
Бүгін кітапханамыздың кітап қорына театр саласына тікелей қатысты, тарихы мен тамырына дейін саялаған тағы бір кітаппенен толықты. Саналы өмірінің әрбір сәтін қазақтың жоғын түгендеумен өткізген. Әрбір адамның бойынан өзгеде кездесе бермейтін қасиет тауып, қастерлейтін, халықтық деңгейге көтеріп, ұлттық сипат беретін, көргенді мінез, көреген көз оны рухани әлемнің биік шыңдарына жетелейтін. Қазақтың шешендік өнерінің өзгеше бір болмыс-бітімі тұла бойынан төгіліп тұрғандай әсер ететін. Бүгін сонау тау тұлға, қазақ жазушысы, сыншы, аудармашы, Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әшірбек Сығайдың «Сын сардары» атты кітаптың тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты.
Тұсаукесерге театр саласының тарландары, танымал ақын-жазушылары мен және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алғы сөзді Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі. Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Еңбек Ері – Асанәлі Әшімов:
- 70 жылдар қазақ әдебиеті үшін алтын ғасыр деп ойлаймын. Сол жылдары қазақ әдебиетіне Төлен, Ақселеу бастаған Әшірбектермен толысты. Әшірбек өмірде достарына адал, өз саласында мықты маман болды. 10 жас кіші болса да туа біткен қабілеті болды. Өнердің бақыты – Әшірбектің келуі. Өнерде оқып жүріп, әдебиетке өтіп, сын деген салаға көшіп кеткені үлкен бақыт. Жақсылыққа шек жоқ. Театр өнері, драматургия - бақыт. Театрды жоғалпайық. Халықпен жеке дара сөйлесу – ұлы бақыт. Әшірбектей іні менің бақытым. Аға-інілі өмір сүрдік. Әшірбек, Райымбектерге ризамын. Достықтарына ризамын. Уақытша ғана өмірде қызғанышты қойып, дос болып, сырласқан үлкен бақыт. Бәріңді достыққа шақырамын.
Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі – Меруерт Өтекешова:
- Бүгін ағамыз қасымызда болмаса да, театрлары бар. Әшекең үлкен ұстазым болды. Көп нәрсе үйретті. Әшекең жазған кітаптар ешқашан өлмек емес, өйткені сынды, шынды арқау ететін.
Театртанушы, өнертану кандидаты – Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс:
1991 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында ректор болып тұрғанында театр актерларына алғаш рет топ ашты. Содан бері театртанумен шектеліп қалмай, киносыншысымен де жалғасын тапты. Ол кісі қазақ өнерін, театр әртістерін жақсы көретін. Сын айтудың қас шебері.
Жазушы, журналист - Шәрбану Бейсенова:
- Ол кісінің еңбегі туралы атсақ айтар дүние көп. 2000 жылы мемлекеттк сыйлық алған болатын. Қанша кітап шығарсақ та артық болмайды. Қашан да көңілімізден шығады. Фестиваль жыл сайын өтіп жатса артық етпейді. Ол сынды мәдениетті жеткізе алған сыншы.
Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры – Асхат Маемиров:
- Үлкен шараның өтіп жатқанына үшінші күн. Кітап Мәдениет және спорт министрлігінің демеушілігімен шығып жатыр. Қазір, Алматыдан 1 көшенің атын беру туралы мәселе көтеріліп жатыр. Театр тарихы, театр сынын, театр сақлақтарын 2000 жылы жазып мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. Ол кісі сынап қана қоймай тығырықтан шығудың жолын негізін, қалап кетті. Әзірбайжан Мәмбетовтың конференциясында советтік еңбегін айтқанында, Әшірбек ағамыз Ұлттық колоридтерді айтуымыз керек, ұмытпауымыз керек деп бір сөзбен дөп түсірді. Ол кісі бүтін – энциклопедия. Әдебиетте Қабдолла оқулары, математикада Тайманов оқулары, театрда Әшірбек оқулары болса, үлкен жетістік болар еді.
Әшірбек Сығайдың өмірі мен шығармашылығы жайында Тұсаукесерге - Ол жарқын тұлға және объективті театр сыншысы. Отандық драмада және театр өнерінде жарқын белгі қалдырды.
20-дан астам кітаптың және жүздеген мақалалардың авторы. Олардың әрқайсысында театр жұмысының толық кәсіби сараптамасы жазылған. Ол өзінің күш-жігерінің арқасында Молиер, Гольдони, Шайкевич есімді атақты драматургтердің пьесаларын қазақ тіліне аударды.
2014 жылы «Қазақфильм» студиясында Әшірбек Сығай туралы «Сын сардары» атты деректі фильм түсірілді.
Әшірбек Сығайдың отандық драматургия мен театр өнеріндегі жеке тұлғасы өнертанушы, педагог және қоғам қайраткері ретінде қалыптасты.
Бөлісу: