Санжар Асфендиаров. 1-том
19.01.2038
7089
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, шығыстанушы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш профессор Санжар Жағыпарұлы Асфендиаровтың төрттомдық шығармалар жинағының І-томына оның 1917-1928 жылдар аралығында мерзімді баспасөз беттерінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, әртүрлі съездер мен мәжілістерде жасаған баяндамалары, сондай-ақ 1928 жылы Ташкент қаласында жарияланған «Материалы к изучению Востока. Часть І. Причины возникновения ислама» атты алғашқы іргелі зерттеу еңбегі енді. Қайраткер өмір сүрген дәуірінің ерекшелігін ашып көрсету мақсатында жинаққа енген барлық шығармалардың мәтіндері өзгеріссіз, яғни түпнұсқа күйінде басылып, хронологиялық тәртіпте берілді. Кітап Отан тарихын зерттеуші тарихшыларға, саясаттанушылар мен әдебиетшілерге, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, С. Асфендиаровтың бай ғылыми-шығармашылық мұрасымен танысуға ынта танытқан барша оқырман қауымға арналған.
Бөлісу: