Санжар Асфендиаров. 2-том

19.01.2038 7390
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, шығыстанушығалым, қазақтан шыққан алғашқы профессор Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың төрт томдық шығармалар жинағының 2-томына оның 1929-1937 жылдар аралығында мерзімді баспасөз беттерінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, әр түрлі жиындар мен басқосуларда сөйлеген сөздері, сондай-ақ 1935 жылы жарияланған «Шатер мира» атты тұңғыш әрі жалғыз көркем туындысы, 1936 жылы жарық көрген «Қазақстан» атты кітаптың құрамына енген «Историческое прошлое Казахстана» атты қысқаша очеркісі кірді. Қайраткер өмір сүрген дәуірінің ерекшелігін ашып көрсету мақсатында жинаққа енген барлық шығармалардың мәтіндері өзгеріссіз, яғни түпнұсқа күйінде басылып, хронологиялық тәртіпте берілді. Жинаққа енген Санжар Асфендиаровтың мақалалары мен баяндамалары, көркем туындысы, ғылыми-көпшілік жанрындағы шығармалары оның Қазақстанда әр түрлі жылдары атқарған сан-салалы қоғамдық-саяси, мемлекеттік және ғылыми-педагогикалық қызметі туралы айқын көрініс бере алады.
Кітап Отан тарихын зерттеуші тарихшыларға, саясаттанушылар мен әдебиетшілерге, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, С. Асфендиаровтың бай ғылыми-шығармашылық мұрасымен танысуға ынта танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: