Абай шығармаларының тiлi
Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі. Кітаптағы негізгі мазмұнды ширата түсу мақсатында «Абай» энциклопедиясында жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар» бөлімін осы томға қосуды орынды көрдік.
Бөлісу: