Үміт үзгім келмейді

19.01.2038 51674
Жазушы Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" деп аталатын хикаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген.

"Ұлыма хат" деген эсседе адамға ғана тән мейірімділік, достық, қанағат-ынсаптық сияқты асыл қасиеттермен қатар, күншілдік, ашкөздік, тәкәппарлық тәрізді жағымсыз мінез-құлықтар да ой толғайды. Сондай-ақ, ұлтымыздың сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі рухани тарихы әдеби жәдігерліктер негізінде баяндалады.    

Бөлісу: