Бітімгер
19.01.2038
8276
Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда. Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тамызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында Минскіде өткен «норманд пішіміндегі» саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды. Минск-2 әуел баста Астанада жоспарланғанын көпшілік біледі, бірақ Украина үдерісінде кенеттен Қазақстан астанасы қалай пайда болғаны туралы, тіпті, түйсіне де алмаулары ықтимал? Шынтуайтында, Минск-1 және Минск-2, Украина дағдарысын реттеудегі басқа да көптеген ілгерілеушіліктер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың делдалдық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде жүзеге асты.
Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді. Кітапта Майдандағы 2015 жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қамтылған.
Бөлісу: