Фариза Оңғарсынованың толық шығармалар жинағы. 6-том

19.01.2038 8176
Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-əдеби дəуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар-ожданы десек, əлемдік мəні зор, поэтикалық əсері əрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.

Он екі томдықтың əр томы – көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Бұл алтыншы томда ақынның өз өмірбаяны туралы сыр-толғауы берілген, сондай-ақ əр жылдардағы поэзиялық шығармалары, арнаулары, əлем əдебиеті ақындарының шығармаларынан аудармалары жарияланған. Поэзия шыңында өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға туралы еліміздің əр аймағында əр кезде жазылған өлеңдер де енді – халқымыз, өнерсүйер, жырсүйер қауым Фариза Оңғарсыноваға деген құрметтерін, сүйіспеншілігін осылайша өз жырларымен, сыр-толғаныстарымен білдіріп отырған.

Бөлісу: