Әңгiмелер Роман

19.01.2038 8120
Қырық жыл ғана өмiр сүрiп, артында жиырма төрт том еңбек қалдырған Джек Лондон әлем мойындаған жазушы. Ол дүниежүзiлiк әдебиетте негiзiнен асқақ рух пен рухы мықты адамдардың жыршысы ретiнде бағаланып келедi. Қаламгердiң шығармалары қазақ тiлiнде соңғы рет Қазақстанның Президентi Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылы «Аударма» баспасынан жарық көрдi. Ал ұсынылып отырған жинақ автордың балаларға лайықты деп танылған туындыларынан топтастырылып, алғаш рет ұсынылып отыр. Кiтапқа американдық әйгiлi жазушының бiр топ әңгiмелерi мен «Теңiз қорқауы» атты романы енгiзiлдi. Шығармалардың оқиғалары ерекше тартымды, тiлi жатық. Жас өспiрiмдердi адамгершiлiкке, парасаттылыққа, имандылыққа, төзiмдiлiкке, қайсарлыққа баулиды.

Бөлісу: