Біз шадыман баламыз

19.01.2038 8595

Көрнекті балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сұлтан Қалиұлының «Біз шадыман баламыз» атты кітабы балаларға арналған таңдаулы өлеңдерден, жұмбақтар мен жаңылтпаштардан, ертегі, өлеңдер мен поэмалардан тұрады.

Кітапқа негізгі кейіпкер: Марат деген бала мен Шекербек, Асқар, Күсеп, Төлен, Нұралы, Дауыл сияқты достардың алуан түрлі күлдіргі іс-әрекеттері өзек болады. Туған ел, табиғат қызықтары, құстар, сыныптастар, әже, ата туралы тартымды жыр-тақпақтар өз оқырманын табады.

Кітап ақынның 70 жылдық мерейтойына орай шығып отыр.

Бөлісу: