Қожанасыр хикаялары

19.01.2038 8423

"Қожанасыр былай депті", "Әй, Қожанасыршылап кеттің бе?", "Өй, өзің де бір Қожанасыр екенсің ғой", "Қожанасырлығым ұстап" деген астарлы тіркестердің түп төркіні, мағынасы көпке аян. Ғалымдар Қожанасырды "Түркияда туған, сонда дүниеден өткен, мазараты да сонда",- деп жүр. Бірақ Қожанасыр санамызда қалыптасқан көркем бейнесі көркем бейнесі барша түркі, Орталық, Орта Азия халықтарына ортақ. Әпендінің аңқау, алаңғасар мінезі, қиқар қылықтары, ащы тілі, ұтқыр жауаптары, қарапайым халықты мәз-мейрам қылатын әзіл-қалжыңдары күллі әлемге танымал.

Жалпы әдебиет әлеміндегі оқшау тұлға Қожанасыр әпендінің жарық дүниеге келгеніне 600 жылдық мерейтойын бірнеше жыл бұрын дүние жүзінің көптеген елдері дүбірлетіп атап өтті.

Бұл кітапта, санамалап айтар болсақ, қазақ,қырғыз, өзбек, түрік, түркімен, тәжік, парсы, татар, араб, қарақалпақ, ұйғыр, башқұрт, күрд, грек, хакас, шешен, осетин, иран, және т.б. - барлығы жиырма үш халықтың терең астарлы, пәлсафаға толы әзіл-оспақтары, күйдіргідей осып түсетін қалжың хикаялары беріліп отыр.  

Бөлісу: