Әдеби жәдігерлер 16 том Құтб Хұсрау-Шырын
19.01.2038
20465
Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 16-шы томына орта ғасырларда өмір сүрген көрнекті түркі ақыны Құтбтың «Хұсрау – Шырын» дастаны еніп отыр.
Құтбты қыпшақтар арасында «Құтбы» немесе «Құ тып шайыр» деп те атай берген. Ақынның өмiрi жайында мəлiмет жоққа тəн. Оның толық аты-жөнi де белгiсiз. Құтб – ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың бiздiң дəуiрiмiзге дейiн сақталып қалған жалғыз шығармасы – «Хұсрау мен Шырын» дастаны. Бұл шығарма – Шығыстың ұлы ақыны Низами дың «Хұсрау мен Шырын» атты поэма сының аудармасы. Оны түпнұсқадан, яғни парсы тiлiнен қыпшақ-оғыз тiлiне еркiн аударған ақын Құтб болды.
Бөлісу: